«ШҚО ПРИМОРСКОЕ АУЫЛЫНДАҒЫ МЕКТЕП ҒИМАРАТЫ ЖАНЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ЛАГЕРІ ЕТІП ҚАЙТА ҚҰРУ» МЖӘ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ӘЛЕУЕТТІ ЖЕКЕШЕ ӘРІПТЕСТЕРДІ КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, «ШҚО білім басқармасы» ММ МЖӘ арқылы жеке серіктестікті анықтау бойынша конкурс бастау туралы хабарлайды «Катон-Қарағай ауданы Приморское ауылындағы мектеп ғимараты жанындағы балалар лагері етіп қайта құру» және әлеуетті жекеше әріптестерді конкурсқа қатысуға шақырады.
Жоба бойынша Приморское ауылындағы мектеп ғимаратын мектеп жанындағы лагерь етіп қайта құру және МЖӘ шартының жағдайларына сәйкес 3 жыл бойы пайдалану қарастырылған.
Қызмет саласы: білім.
МЖӘ түрі: шарттық МЖӘ.
Жобаның іске асырылу мерзімі: 2018-2021жж (қайта құру мерізімі – 5 ай, пайдалану мерзімі – 3 жыл).
МЖӘ объектісінің құны: 167,8 млн.теңге.
Әлеуетті жеке серіктестіктің қызметі: жекеше әріптес 7 мен 15 жас аралығындағы балаларға демалыс уақытында балалар демалысын ұйымдастыру мақсатында ғана пайдаланады. Мектеп жанындағы лагерь 10 күндік демалуды қарастырады. Лагерь Катонқарағай ауданының бір немесе бірнеше білім беру ұйымдары оқушылары есебінен жарақталады.
Болжамды шығындарды өтеу және кірістерді алу көздері: МЖӘ объектісі құнынан 50% мөлшерінде бірлесіп қаржыландыру.
Шығындарды өтеу және табыс табудың болжалды көздері: МЖӘ объектісін пайдалану барысында тауарларды, жұмыстар мен ұсыныстарды сату, сонымен қатар, инвестициялық және операциялық шығындарды өтеу.
Конкурсқа қатысуға біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті қатысушыларға рұқсат етіледі, «Мемлекеттік жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының 32-бабында және конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Конкурстық құжаттаманың көшірмесін сағат 9-00 бастап 18-30 ге дейін көрсетілген мекен жайдан алуға болады, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі 59/1, «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ.
Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады. Конкурсқа қатысуға араналған конкурстық өтінімдер, сондай-ақ конверттерде мөрленген біліктілік іріктеу үшін құжаттарды әлеуетті қатысушылар аталған мекен жай бойынша мақсатты түрде ұсынады.
Толық ақпарат алу үшін көрсетілген мекен жайдағы байланыс тел: А.К.Каербекова 8(7232) 702-748.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу 2018 ж. 17 тамызда аталған мекенжай бойынша жүзеге асырылатын болады.
