МЖӘ деген не?
ӘлемдеҚазақстанда
МЖӘ деген не?
Қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешу үшін мемлекет пен жеке меншік сектор арасындағы өзара қарым-қатынастың терең тарихы бар. Алайда МЖӘ соңғы он жылда өзекті бола бастады.Бір жағынан қоғамдық экономикалық жағдайдың ауырлауы мемлекеттің қоғамның маңызды функцияларын атқаруын қиындатады. Екінші жағынан, бизнес инвестициялау үшін жаңа нысандарға қызығушылық танытады. МЖӘ мемлекет меншігіндегі стратегиялық маңызы бар нысандарды жекешелендіру баламаларын ұсынады.
Жалпы мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі (МЖӘ) – бұл өзара тиімді шарттар негізінде қоғамдық маңызы бар мәселелрді шешу үшін мемлекет пен бизнестің орта және ұзақ мерзімді өзара қарым-қатынас формаларының жиынтығы.
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестігінің базалық нышандарының ішінен негізгі түсіндірмелер ретінде келесілерді атауға болады:
• Орта мерзімді және ұзақ мерзімді қарым қатынастар
• МЖӘдағы тараптар мемлекет және жеке секторларымен ұсынылған
• МЖӘдағы тараптардың өзара әрекеттестігін белгілі келісімшарттар арқылы дайындау
• Рисктерді, пайданы, құқықытарды және міндеттерді әріптестер арасында өзара тиімді бөлісу
• МЖӘ объекті бойынша жеткен нәтижелілігін мемлекеттік секторы арқылы айқындау
Ереже бойынша, МЖӘ –де мемлекет жеке меншік бизнес жобаларына қосылмайды, керісінше, мемлекет бизнесті қоғамдық маңызы бар жобаларға қатысуға шақырады.
Мемелекеттік-жеке меншік әріптестігінің формалары
Кең мағынада экономика және мемлекеттік басқарма саласында МЖӘ негізгі формаларына келесілерді жатқызуға болады:
Мемлекет пен бизнес арасындағы қарым қатынастың кез келген өзара тиімді формалары;
Мемлекеттік келісім-шарттар;
Арендалық қатынастар;
Қаржылық арендалар (лизинг);
Мемлекеттік жеке меншік кәсіпорындар;
Өнімді бөлісу туралы келісімдер (ӨБК);
Концессиялық келісімдер.
МЖӘ типтері: