
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі атынан «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында 200 төсектік қалалық балалар ауруханасын салу және пайдалану» концессиялық жобасы бойынша концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізетіндігін хабарлайды.
Концессия объектісі: Семей қаласы аумағында орналасқан аурухана ғимаратын және жер телімін қамтитын 200 төсектік қалалық балалар ауруханасы.
Конкурсқа «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабында және концессионерді таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарына сай болатын барлық әлеуетті концессионерлер қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін конкурсты ұйымдастырушыға ұсынуға қажетті құжаттар тізбесі конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасын конкурсты өткізу туралы осы хабарландыру жарияланған сәттен бастап, мына мекенжай бойынша алуға болады: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Гоголь көш., №36 үй, № 401 каб, 9.00-13.00 дейін және 14.30-18.30 дейін.
Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасы тегін беріледі.
Әлеуетті концессионерлер конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді конвертке салып, «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-іне Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Гоголь көш., № 36 үй, №401 кабинет мекенжайы бойынша ұсынады (жолдайды).
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2016 ж. «14» қаңтар сағат 10.00 дейін.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер 2016 ж. «14» қаңтар сағат 12.00 келесі мекенжай бойынша ашылады: 070018, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Гоголь көш., № 36 үй, №401 каб.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (7232) 52-32-02 телефоны арқылы, сондай-ақ «Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ 8 (7232) 26-23-96 телефоны арқылы, е-mail: [email protected] бойынша алуға болады.