Орталық туралы
БайланысДиректорлар кеңесіҚұрылымыВакансияларБасшылық
Орталық туралы
«Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі- Орталық) Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен (2010 жылдың 28 қазанындағы № 602 Қаулысы) құрылған. Құрылтайшы өкілі (Шығыс Қазақстан облысынының әкімдігі) «Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы» ММ болып табылады.
Қызметтің негізгі түрлері:
• Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын іске асыруға дайындау және инициализациялау немесе сүйемелдеу;
• мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жобаларын, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысының концессиялық жобаларын консультациялық сүйемелдеу;
• мемлекеттік органдармен, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен, сондай-ақ мемлекеттік-жеке меншік әріптестік мәселелері бойынша әлеуеттік инвесторлармен өзара іс-қимыл;
• әлеуетті шетелдік және отандық инвесторларын, даму институттарын, дипломатиялық ведомстволарын тартуымен кездесулер ұйымдастыру, бірлескен кәсіпорындар және ашық жаңа өндірістер құру үшін Кеден одағы аумағын пайдалану арқылы тікелей шетелдік және отандық инвестициялар тарту бойынша жұмыс жүргізу;
• концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу;
• жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың, сонымен қатар республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері және кредиттер есебінен қаржыландыруға жоспарланған жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерінің экономикалық сараптамасын жүзеге асыру;
• заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуымен жоспарланған бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелерінің экономикалық сараптамасын жүзеге асыру;
• мемлекеттік-жеке меншік әріптестік мәселелері бойынша семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, конференциялар және басқа да іс-шаралар өткізу;
• инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру мәселелері бойынша зерттеулер өткізу.
Миссиясы:
Мемлекет пен жеке меншік сектор арасындағы әріптестікті нығайту арқылы Шығыс Қазақстан облысының экономикасын сапалы және тұрақты өсуін қамтамассыз етуге күш салу, бюджеттік инвестцияларға және жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын сапалы өткізу.
Мақсаты:
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмі мен қағидаттарын қолдану арқылы Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық жобаларын іске асыру үшін жеке меншік инвестицияларды тарту.
Қағидаттар:
Біз жұмысты біліктілік, тәуелсіздік, ашықтық және стратегиялық көріс қағидаттары арқылы жүргіземіз.
Біліктілік қағидаты: алдыңғы қатарлы әдістемелік сараптамаларды қолдану және жоғарғы білікті мамандарды тартуды болжайды.
Тәуелсіздік қағидаты: Қазақстан экономикасының мүддесінде экономикалық қауіпсіздік есебімен Орталық шешімдер мен ұсыныстар қабылдауды болжайды.
Ашықтық қағидаты: жобалардың сараптамаларын өткізуде нақты және толық түрде талдау әдістемелерін қолдану, қызығушылық білдірген жақтарға тең көлемде бағалау әдістемелеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету, сонымен қатар қоғамға Орталықтың қызметі туралы ақпаратты ашық жеткізу.
Стратегиялық көрініс қағидаты: келешекте жобаларды жүзеге асыруда ұзақ мерзімге негізінделген, сараптамаларды және жобаларды бағалау әдістемелерін қолдану мен нұсқауларды дайындауды ұйғарады.