Орталық туралы : Директорлар кеңесі


БайланысДиректорлар кеңесіҚұрылымыВакансияларБасшылық

Директорлар кеңесі

Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы – Директорлар кеңесінің төрағасы

Сактаганов Нурымбет

Нұрымбет Сақтағанов 1970 жылы Түркістан облысында дүниеге келді. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетін, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітіргенді.

Еңбек жолын 1992 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданы, 172- орта мектебінде оқытушы болып бастаған. Әр жылдары мемлекеттік қызметте, оның ішінде кеден органдарында жауапты басшылық лауазымдарды атқарды.

2007-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің инвестициялардың сыртқы көздерін жоспарлау бөлімінің басшысы, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.

2012-2021 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, Ұлан ауданы мен Семей қаласының әкімі болып жұмыс істеді.

2021 жылдың ақпанынан 2022 жылдың маусымына дейін Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының әкімі қызметін атқарды.

2022 жылдың 24 маусымынан бастап Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2023 жылдың қыркүйек айынан Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Бірінші орынбасары болып тағайындалды.


Байрахметов Елдос Жанболатұлы - Директорлар кеңесінің мүшесі

Байрахметов Елдос

Байрахметов Елдос Жанболатұлы 1990 жылы 25 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Балғын ауылында дүниеге келген. 2009 жылы Экономика және қаржы колледжін компьютерлік технологиялар және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша, 2015 жылы Қазақ гуманитарлық заң инновациялық университетін компьютерлік технологиялар және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2011 жылы «Қазақтелеком» АҚ операторы болып бастаған. 2012-2013 жылдар аралығында «Қазақтелеком» АҚ-да техник, инженер-конструктор қызметтерін атқарған. 2016-2018 жылдар аралығында «Астанателеком» Орталық сатып алу ұйымында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 2019-2021 жылдары «Ертіс» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 2021-2022 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияның Мәскеу қаласы бойынша Экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесінің (министрдің) кеңесшісі, көмекшісі қызметін атқарған., 2022 -2023 жылдары қараша – қаңтар айларында Шығыс Қазақстан облысының Қаржы басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалған. 2023 жылдың ақпан айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.


Мукашева Мадина Сакеновна - Директорлар кеңесінің мүшесі

Мукашева Мадина

Мукашева Мадина Сакеновна 1969 жылы 24 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Еңбек Қызыл Ту ордені С.Орджоникидзе атындағы мемлекеттік басқару академиясын «автомобиль көлігін басқаруды ұйымдастыру» мамандығы, «инженер-экономист» біліктілігі бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1992 жылы «Саур» ШК маманы болып бастаған. 1993 жылдан 1999 жылға дейін - Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Шығыс Қазақстан аумақтық комитетінің бірінші санатты маманы, аға маманы болып жұмыс істеді, 1999 жылдан 2005 жылға дейін - ШҚО Коммуналдық меншік басқармасының инспекторлық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің аға маманы, сату бөлімінің жетекші, бас маманы, 2005 жылдан 2015 жылға дейін - ШҚО Қаржы басқармасының түгендеу және мүліктік жалдау бөлімінің бас маманы, коммуналдық мүлікке иелік ету бөлімінің басшысы, 2015 жылдан 2020 жылға дейін коммуналдық мүлікке иелік ету бөлімінің басшысы, ШҚО Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2020 жылдың тамыз айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.


Мауляшева Рианэлла Валерьевна- тәуелсіз директор

2015 жылдың 04 жетоқсан айынан Өскемен қаласының "Forte bank" АҚ филиалының директоры лауазымын атқарады.


Мамырбаев Қайрат Нұржанұлы - тәуелсіз директор

Мамырбаев Кайрат

Қайрат Нұржанұлы 1982 жылы дүниеге келген, ШҚО Зырян ауданының Зырян қаласының тумасы, Қазақстан-Американдық еркін университетінде «экономист» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2004 жылы салық қызметі органдарында бастады, 2007-2011 жылдары банк жүйесінде, 2011-2014 жылдары міндетті және ерікті сақтандыру жүйесінде жұмыс істеді.

Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасына 2014 жылы келіп, жобаларды талдау және сүйемелдеу бөлімінің 2-санатты сарапшысы лауазымымен жұмыс бастаған. 2018 жылы АӨК бөлімінің бастығы, кейін директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымына ауыстырылды.

2021 жылдың 1 маусымынан Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкелер Палатасының директоры қызметіне тағайындалды.