Индия
Үндістан
МЖӘ шеңбері
Үкімет шамамен он жыл бұрын ашық жеке қатысуға рұқсат бере отырып, инфрақұрылымдық жобалар үшін МЖӘ моделін дамытуды бастаған.
Құқықтық жүйе және құрылым
Үндістан конституциясы әрбір штат әрбір қалалық аумақ үшін: қалалық жоспарлау, құрылыс және жолдар мен көпірлерді сақтау, сумен жабдықтау, қалдықтарды жою және басқа тұрмыстық қызмет көрсету муниципальдік корпорацияны тіркеуді талап етеді. Штат үкіметімен муниципальді корпорациямен делегацияланатын қызметтерге, өкілеттілік пен құқықтарға байланысты муниципальді корпорация жеке үшінші тұлғамен концессиялық келісім жасасуы мүмкін.
МЖӘ жобалары ВОТ және ВООТ негізінде өткізіледі және концессиялар бекітілген мерзімге беріледі. Концессиялық келісім тендерлі құжаттамалармен бірге, концессионердің құқықтары мен міндеттемелері баяндалған негізгі құжат болып табылады. 1872 жылғы келісімшарттар туралы үндістандық заң концессиялық келісімдердің мерзімдері мен шарттарының интерпретациясы үшін тиісті заңнама болып табылады.
• Үндістандағы МЖӘ жобаларын реттейтін бірыңғай заңнама жоқ және МЖӘ жобаларын енгізу тетіктері штат деңгейінде және орталық деңгейде ғана бар.
• Үндістан конституциясы Үндістан үкіметі мен түрлі штаттардың үкіметтері арасындағы заңнама құқықтарын ажыратады.
Бюджеттік ереже
Қаржы министрлігінің Экономикалық істер департаментінде (DEA) МЖӘ бөлімі жобаны анықтаудан оны іске асыруға дейінгі барлық мәселелерді қамти отырып, МЖӘ жобалары үшін бөлшекті тетікті бекіткен:
МЖӘ жобаларының қаржылық қамтамасыз ету бағдарламасы – өмір қабілеттілігінің тапшылығын қаржыландыру
Бұл бағдарлама 2004 жылы енгізілген және Үндістан үкіметімен, штаттар үкіметімен немесе заңды биліктермен ұсынылатын жобаларға қолданылады. Ол МЖӘ моделі бойынша өткізілетін аса тартымды инфрақұрылымдық жобаларды қаржылы ету үшін, Өмір қабілеттілігінің тапшылық қаржыландыру (VGF) түрінде қаржылық көмек көрсету жолымен коммерциялық рентабельді етуге бағытталған. VGF жобаның құрылысы уақытында беріледі және жоба құнының 20% дейін құрауы мүмкін, кейде ерекше жағдайларда ол 40% дейін құрауы да мүмкін.
Жобаны енгізу және келісімшарттарды жасасу процесі
• Жоспарлау бойынша комиссияда инфрақұрылымнан секретариат алға қйыолған мақсаттарға жету үшін басты инфрақұрылымдық жобалардың процесін бақылай отырып, мемлекеттік-жеке меншік әріптестердің (МЖӘ) рөлін максималдық арттыратын құрылымдарды дайындай отырып, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қызметтерді көрсете отырып, дүниежүзілік кластағы инфрақұрылымның шұғыл құруын қамтамасыз ететін саясатты қабылдаумен айналысады.
• Жоспарлау бойынша комиссия алға қойылған мақсаттарға жету үшін қолданылатын кең тәсіл мен оларға қол жеткізілуімен байланысқан негізгі мақсаттары баяндалатын Концептуалды құжатты дайындайды.
• Концептуалды құжат ұлттық даму бойынша Кабинетпен және барлық негізгі штат министрлері кіретін Кеңеспен бекітіледі. Онда Жоспардың өзінде бөлшектермен нақтыланған сәулет берілген.
• 5-жылдық жоспарлар дайындалады және бекітіледі.
• Аса бөлшекті жылдық жоспарлар дайындалады.
Үлгілі МЖӘ өмірлік циклі:
1-кезең: МЖӘ анықтау – стратегиялық жоспарлау процесінде инфрақұрылымдық қызметтердегі қажеттілік талдауы мен берілетін қызметтер үшін опциялар талдауы (активтер керек пе дегенді қоса) бар әлеуетті жобалардың сериясы анықталады. Әлеуетті МЖӘ олардың МЖӘ ретінде дамуы үшін сәйкестігіне бағаланады және алдын ала техникалық-экономикалық талдауы бойынша есеп құрастырылады. Келесі кезеңге өту алдында ішкі рұқсат қажет.
2-кезең: толық техникалық-экономикалық талдау, МЖӘ дайындау және рұқсаты – 1 кезеңде талдауға келетін әлеуетті МЖӘ бөлшектеп талданады және қамтамасз ету кезеңіне өту үшін принципиалды рұқсат етілуіне өтінім беріледі.