Белорусияда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы заң жобасының тұжырымдамасы Совминге жіберілді

3 желтоқсанда Минск"БЕЛТА жариялымы". «Белорусь Республикасында Экономика министрлігі Министрлер кеңесіне мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобалары туралы» (МЖӘ) заң жобасының тұжырымдамасын енгізді.

Тұжырымдама мүдделі мемлекеттік органдармен, бизнес-одақтарымен ескертулерсіз келісілген. Оны әзірлеу барысында Белеорусиядағы МЖӘ тетіктерін енгізу бойынша іс-шаралар жоспары шеңберінде Экономика министрлігімен ынтымақтастықтағы БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының халықаралық сарапшыларының ұсынымдары назарға алынды. Сондай-ақ, тұжырымдама Президент Әкімшілігінің ұсыныстары мен ескертулерін есепке ала отырып, пысықталған.

Тұжырымдама мәтіні және оның негіздемесі Экономика министрлігінің сайтында орналасқан.

Заң жобасын әзірлеудің негізгі мақсаты Белорусиядағы мемлекеттік-жеке меншік ті дамыту үшін талаптар даярлау, елдің экономикасындағы инвестицияларды тартуға жеәрдемдесу, мемлекеттің меншігіндегі мүліктерді пайдаланудың тиімділігн көтеру, тұрғындарға берілетін тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің сапасын көтеру болып табылады. Заңда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде инвестицияларды жүзеге асыру барысында қарым-қатынасты реттеу ұсынылады.

МЖӘ жобасы инженерлік, өндірістік, әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым қатынасындағы өзара әрекетке мемлекеттік серіктес арқылы жеке серіктесті тарту жөніндегі іс-шараларды ұсынады. Бұл Белорусь Республикасының меншігіндегі жобаларды және оның реконструкциялау, жөндеу, қайта қалпына келтіруді талап ететін әкімшілк-аймақтық бірліктері. Оларды қолдану мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы келісім негізінде жүзеге асырылатын болады. Салынған объектілер мемлекет меншігін беріледі, олар келісім шеңберінде қолданылады. Осы ретте, жер қойнауы, су объектілері, ормандар (орман қорының учаскелері) МЖӘ жобаларынның объектілері болып табыла алмайды.