Франция МЖӘ-нің сәтті жобаларының тәжірибесімен бөлісуге дайын

Франция МЖӘ-нің сәтті жобаларының тәжірибесімен бөлісуге дайын
Францияның ADETEF Экономика және Қаржы министрлігінің агенттігі ағымдағы жылдың 7-9 қарашасында Париж қаласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік мәселелеріне арналған практикалақы семинар ұйымдастырады.
Семинарға Bouygues («Буиг»), Vinci, Veolia ірі концессионерлердің қатысуымен іске асырылатын концессия объектілеріне бару арқылы практикалық аспект те қосылады.
Бағдарламаға денсаулық сақтау (Қазақстандағы концессия жөніндегі ауруханалар құрылысының жоспарларын қоса алғанда), инфрақұрылымдар (ақылы автожолдар, темір жолдар, теңіз"темір жол" әуе порттары), қалалық жоспарлау (тұрмыстық қатты қалдықтар, сумен жабдықтау және су бұру) салаларындағы менеджерлермен кездесулер қатары кіреді. Сондай-ақ, Францияда МЖӘ жобаларын қаржыландыру тәжірибесін талқылау өтеді, олар төмендегідей:
мәмілені құрылымдау барысында қаржылық сипатта қандай қиындықтар туындайды;
жобалардың қаржылай тартымдылығын күшейту үшін қандай тетіктер қажет;
қол жетімділік (availability payment) төлемінің тетігі бар ма, ол қалай қолданылады және есептеледі;
ұзақ мерзімді тікелей мемлекеттік сатып алу қолданылады ма;
орташа есептегенде қаржылық жабу неше уақытта алады;
МЖӘ бойынша міндеттемелерден туындайтын есеп пен мониторингті кім жүзеге асырады;
Қазақстанның атынан осы бағдарламаға «Қазақстандық МЖӘ Орталығы» АҚ мамандары барады.