Чехия Республикасының Плзень өңірі делегаттарымен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде «Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ өкілдерімен Чехия Республикасының Плзень өңірі делегаттарының кездесуі өтті. Кездесу барысында «ШҚО МЖӘ ӨО» АҚ өңірдегі жоспарланған концессиялық жобаларымен таныстырды. Сондай-ақ Қазақстан мен Чехия компанияларының Өскемен қаласындағы көпсалалы аурухана мен бала-бақшалар кешенін салу жобаларына инвестор ретінде бірлесіп қатысу мәселесі талқыланды. Өз кезегінде «BIT POWER» ЖШС өкілдері (Чехия компаниясы) Абу-Даби қаласындағы аурухана құрылысы бойынша өз жобаларын презентациялады.

Талқылау қорытындысы бойынша Чехия тарапы өңірдің концессиялық жобаларына қызығушылық танытып, Чехияның жеке кәсіпкерлері суъектілеріне презентацияланған Шығыс Қазақстан облысының концессиялық жобалары бойынша қажетті ақпараттарды ұсынатындықтарын айтты.