
«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ тұлғасындағы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі, 070004, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1 үй, №601 каб. «Семей қаласында бала-бақшалар кешенін салу және пайдалану» концессиялық жобасы бойынша концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізетіндігі туралы хабарлайды.
Концессия объектісі: Семей қаласы аумағында орналасып, бала-бақшалар ғимараты мен жер телімді қамтитын лоттар бойынша бөлінген 5 (бес) бала-бақша: 1 лот – 3 бала – бақша, 2 лот – 2 бала-бақша.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Концессиялар туралы» Заңының 18 бабына сәйкес концессионерді таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті концессионерлер қатыса алады.
Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысу үшін ұсынатын қажетті құжаттар тізімі кокурстық құжаттамада көрсетілген.
Конкурстық құжаттар көшірмелерінің пакетін конкурсты өткізу жайлы осы хабарландыру жарияланған сәттен бастап мына мекен-жай бойынша алуға болады: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1 үй, №601 каб, 9.00-13.00-ге дейін 14.30-18.30-ға дейін.
Конкурстық құжаттар көшірмелерінің пакеті ақысыз беріледі.
Конкурсқа қатысудың конкурстық өтінімдері конвертке салынып, әлеуетті концессионерлермен: «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1 үй, №601 каб мекен жайы бойынша ұсынылады (жолданады).
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2014 жылдың 23 қыркүйегі күні сағат 10.00-ге дейін.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер 2014 жылдың 23 қыркүйегі күні сағат 12.00-де 070004, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1 үй, №601 каб. мекен-жайы бойынша ашылады.
Қосымша ақпарат пен анықтамаларды 8 (7232) 70-23-57 телефоны арқылы, сондай-ақ «Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ 8 (7232) 26-23-96 телефоны, е-mail: [email protected] бойынша алуға болады.

