Семей қаласында балабақшалар кешенін салу және пайдалану

Жобаның мақсаты:

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қаматамасыз ету үшін орын дефицитін азайту 1290 орынға мектепке дейінгі ұймдар құру.

Міндеті:

Семей қаласында мемлекеттіке-жеке меншік әріптестік схемасы (концессия) негізінде 5 балабақша салу және пайдалану.

Шығыс Қазақстан облысының басшылығы отандық және шетелдік инвесторлармен жемісті ынтымақтастық жасасуға қызығушылық білдіруде.

Бұл жобаның жағымды әсерлері: жеке инвесторларға жаңа мүмкіншіліктер жасау, тиімді басқару, халыққа көрсетілген сапалы қызмет. Жобаның табысты енгізулуі Қазақстандағы мемлекеттік жеке меншік әріптестік мехнизмінің инвестициялық әлеуетін көрсетуде.

Контракт құрылымы: Концессия схемасы Құрылыс –Тапсыру– Пайдалану. Осы үлгі бойынша концессионер концессия нысанын салып, құрылыс кезеңінің аяқталуы бойынша оны коммуналдық жеке меншік иелігіне табыстайды, кейінен нысан концессионердің пайдалануына беріліп, концессионер пайдалану нәтижесінен табыс көреді.

Жобаны жүзеге асыру мерзімі:

- Құрылыс мерзімі: 2014-2015 жж. 10 ай аралығында

- Пайдалану мерзімі: 2015-2033 жж.

- Концессия мерзімі – 20 жыл.

Жобаның қаржылық-экономикалық көрсеткіші:

Жоба құны: 2,6 млрд. теңге

Жоба қуаттылығы: 1290 орынды 5 балабақша

Қызметті пайдаланушылар: Семей қ. халқы, мектепке дейінгі жастағы балалар.

Концессионерге ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары:

- нысанның толық кызмет етуі үшін, әрбір жер теліміне инженерлік коммуникациялық жабдықтау жұмыстары жүргізіліп ресімделген жер телімдерін уақытша ақысыз қолдануға ұсыну;

- нақты шыққан шығынды концессионердің концендетке ұсынған есептеулеріне сәйкес тұтыну кепілдіктерін қайтару, құнсыздану деңгейіне қарай өзгереді (мемлекеттік тапсырыс, балаларды тамақтандыруға ата-аналардан төлем).

Жобаның тиімділік көрсеткіштері:

- Ағымдағы таза құн (NPV): 1253,0 млн. теңге

- Ішкі табыстылық мөлшері (IRR): 15,3%

- Жобаның өтелімділік мерзімі: 95 ай.

Қажетті инвестиция көлемі: Концессионер 1290 орынға арналған 5 балабақшаның жобалауына, құрылысына, жабдықтауына, қаржыландыруына жауапты. Барлық құрылыс объектілері жермен және инженерлік коммуникацияларды техникалық жағдаймен жеткізуімен қамтамасыз етілген. Инженерлік коммуникацияларды жеткізу і мен құрылысы Өскемен қаласының әкімшілігімен орындалады. Құрылыс кезеңіндегі қаржыландыру көздері (2014 жылы) – концессионердің жеке қаражаты (20%), қарыз қаражаты (80%).

Жобаға қатысты құжаттамалар жиынтығы: Концессиялық жобаның ТЭН- сі.

Жобаның кіріс көздері:

- Концессиялық шартта белгіленген көлем мен мерзім ішінде инвестициялық шығындарды өтеу, 10 жыл ішінде тең көлемде (концессионерге нысанды салуға кеткен шығындары қайтарылады);

- қосымша ақылы қызметтерді көрсету.

Жеке меншіктілік құқығы: Құрылыс аяқталғаннан кейін бүкіл активтерге жеке меншіктілік құқығы Шығыс Қазақстан облысының білім беру басқармасына беріледі.

Конкурс және мерзім белгілеуді ұйымдастыру үдерісі:

Конкурстың ұйымдастырылуы Қазақстан Республикасының “концессия туралы” заңына сай орындалады. Конкурста қатысу үшін минималды талаптар өкімет өкілімен келісімшарқа сай қойылған және де алдын ала белгіленген заңды, қаржы талаптарға, сондай-ақ тәжірибенің болу талабына негізделген.

Конкурсты ресми түрде жариялағаннан кейін, оның орны және уақыты белгіленеді. Сол кезде қатысушыларға жобаның құрылымы мен конкурстық құжаттама беріледі.

Инвестор келесі негізгі біліктілік талаптарына сай болуы тиіс:

• концессия шартының міндеттерінің орындалуы үшін керекті қаржылық және материалдық қорларының бар болуы;

• төлей алғыш болуы, таратуға жатпайтын, оның мүлкіне тыйым салынбаған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық шаруашылық қызметі тоқтатылмаған болуы тиіс;

• заңды күшіне енген, сот шешімінің негізінде концессия шартының жасасу кезінен соңғы үш жыл ішіндегі орындамаған және орныдауға жататын міндеттері үшін жауапқа тартылмаған болуы тиіс.

• концессия нысанының жүзеге асуы ұсынылған құны қатынасында 20% кем емес меншікті қаражаты бар болуы,

• аудиторлық есебімен мақұлданған қаржылық жылдың алдыңғы толық екі жылға қаржылық есептің бар болуы.