Семей қаласында балабақшалар кешенін салу және пайдалану
Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында 200 төсектік қалалық балалар ауруханасын салу және пайдалану
Өскемен қаласында 300 төсектік көпсалалы аурухананы салу және пайдалану
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Бұқтырма су қоймасынан көпірлі өткел салу және пайдалану
Зырян-Майқапшағай темір жол желісін салу және пайдалану
Өскемен қаласында балабақшалар кешенін салу және пайдалану
Қызығушылықты білдіретін сұрау салу (спорт залы)
Өскемен қаласында 300 төсектік көпсалалы аурухананы салу және пайдалану
Жобаның мақсаты:
• Қала тұрғындарына медициналық көмектің, соның ішінде нейрохирургиялық, урологиялық, травмотологиялық, хирургиялық, гинекологиялық және терапия, инсульт орталығының қол жетімділігі мен сапасын жақсарту;
• Ауруханаға жатқызбай тұрғанға дейінгі кезеңде халыққа жедел медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту;
• Жоғары сапалы медициналық қызмет ұсыну.
Жобаны іске асыру орны:
ШҚО, Өскемен қ., 19 тұрғын үй ауданы
Шарт түрі:
ВТО концессиялық схемасы (құрылыс-тапсыру-пайдалану).
Жобаны іске асыру кезеңі:
• Құрылыс мерзімі: 2015-2017 жж.
• Құрылыс мерзімі шамамен 2 жылды құрайды.
• Концессия мерзімі – 30 жыл.
Қызмет түрі:
Медициналық және медициналық емес қызметтер
Жобаның қаржылық-экономикалық көрсеткіштері:
• Жобаның құны: 14,4 млрд. теңге (77 млн. АҚШ доллары);
• Жобаның қуаттылығы: 300 төсек;
• Қызметті пайдаланушылар: Өскемен қ. ересек жастағы халқы. Көпсалалы аурухана №2 қалалық ауруханасының орнына салынады.
Мемлекеттік қолдау шаралары:
• концессионердің инвестициялық шығындарын 10 жыл ішінде тең үлесте концессия объектісі құнының 100% мөлшерінде өтемақы төлеу;
• уақытша пайдалану құқығымен жер телімін беру;
• инженерлік коммуникацияларды тарту;
• тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсыну.
Жобаның тиімділік көрсеткіштері:
• Өтелімділік мерзімі: 15,5 жыл;
• Таза ағымдағы құн (NPV): 1050 млн. теңге;
• Табыстылықтың ішкі мөлшері (IRR): 10,06%.
Инвестордың жобаға қатысу үлгісі:
Жобаға инвестиция концессия объектісі құнының 10% меншікті қаражат және 90 % қарыз қаражат немесе 100% меншікті қаражат.
Жобаның бастамашысы:
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
Құжаттаманың бар пакеті:
Концессиялық жобаның ТЭН бар.
Болжамды нәтиже:
• ауылдық жерлерден шақырылған және қала халқына мамандандырылған шұғыл медциналық көмектің қол жетімділігі;
• медициналық көмек көрсету үшін санитарлық және өрттен сақтану талаптарына және нормаларына сәйкес қажетті жағдайлар жасау;
• стационар жағдайында аурухана ішіндегі инфекцияларының пайда болу қауіпін төмендету;
• жалпы халықтық науқастылық көрсеткішін төмендету;
• жол және тұрмыстық жарақаттанушылық көрсеткішін төмендету;
• асқынған хирургиялық патология жағдайларының санын азайту;
Инвесторға қойылатын талап:
Концессионер таңдау бойынша конкурста қатысу үшін әлеуетті концессионер келесі біліктілік талаптарына лайық болуы тиіс:
1) концессия шартының міндеттерінің орындалуы үшін керекті қаржылық және материалдық қорларының бар болуы;
2) төлеуге шамасы жететін, таратуға жатпайтын, оның мүлкіне тыйым салынбаған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық шаруашылық қызметі тоқтатылмаған болуы тиіс;
3) заңды күшіне енген, сот шешімінің негізінде концессия шартының жасасу кезінен соңғы үш жыл ішіндегі орындамаған және орныдауға жататын міндеттері үшін жауапқа тартылмаған болуы тиіс.
4) концессия объектісінің іске асырылуына ұсынылған құны қатынасында 10% кем емес меншікті қаражаты бар болуы, немесе концессия объектісінің іске асырылуына ұсынылған құны қатынасында 10% кем емес құрайтын сомаға банктік кепілдік ұсынылуы;
5) аудиторлық есебімен расталған қаржылық жылдың алдыңғы толық екі жылға қаржылық есептің бар болуы.