Зырян-Майқапшағай темір жол желісін салу және пайдалану

Жобаның мақсаты:

• Өңірлер арасында ең қысқа маршруттар бойынша жүктерді тасымалдауды оңтайландыру және Қазақстан Республикасы шегінен экспортталатын тауарларды жеделдетілген жеткізу;

• Қытай Халық Республикасы және Ресей Федерациясымен халықаралық көліктік-экономикалық байланыстарды алдағы арттыруды қамтамасыз ету;

• Көліктік-логистикалық жүйені іске асыру шеңберінде өткізу нарығынада өнімдерді және қызметтерді жылжытудың тиімді тәсімдерін қалыптастырудың транзиттік әлеуетін дамыту және тиімді пайдалану;

• Пайдалы қазбалардың кен орындарын игеруге, бұл желімен шектесетін елді мекендердің ауыл шаруашылығы мен экономикасын дамытуға, өндірістің өсіміне және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Жобаны іске асыру орны: ШҚО Зырян, Катон-Қарағай, Күршім, Зайсан аудандары

Шарт түрі:

ВТО концессиялық схемасы (құрылыс-тапсыру-пайдалану);

Жобаны іске асыру кезеңі:

Құрылыстың жоспарлы басталуы – 2016 жыл

Құрылыстың болжалды аяқталуы – 2020 жыл

Пайдалану мерзімі – 2021-2045 жылдар

Қызмет түрі:

Жүкті тасымалдау, көліктік-логистикалық қызмет.

Жобаның қаржылық-экономикалық көрсеткіштері:

Жобаның құны: 394 млрд. теңге (2,1 млрд. АҚШ доллары);

Жобаның қуаттылығы: Ұзақтығы – 461,4 км;

Қызметті тұтыну нарығы: Жүк тасымалдаушылар, Қазақстанның, Ресейдің және Қытайдың өндірістік кәсіпорындары.

Жобаның тиімділік көрсеткіштері

• Таза ағымдағы құн (NPV): 5 179,1 млн. теңге;

• Табыстылықтың ішкі мөлшері (IRR): 8,4%

Мемлекеттік қолдау шаралары:

• Уақытша ақысыз пайдалану құқығымен жер телімін ұсыну және қажетті инженерлік коммуникацияларды тарту.

Инвестордың жобаға қатысу үлгісі:

Жобаға инвестиция концессия объектісі құнының 10% меншікті қаражат және 90 % қарыз қаражат немесе 100% меншікті қаражат.

Жобаның бастамашысы:

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі;

Инвесторға қойылатын талаптар:

Концессионер таңдау бойынша конкурста қатысу үшін әлеуетті концессионер келесі біліктілік талаптарына лайық болуы тиіс:

1) концессия шартының міндеттерінің орындалуы үшін керекті қаржылық және материалдық қорларының бар болуы;

2) төлеуге шамасы жететін, таратуға жатпайтын, оның мүлкіне тыйым салынбаған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық шаруашылық қызметі тоқтатылмаған болуы тиіс;

3) заңды күшіне енген, сот шешімінің негізінде концессия шартының жасасу кезінен соңғы үш жыл ішіндегі орындамаған және орныдауға жататын міндеттері үшін жауапқа тартылмаған болуы тиіс.

4) концессия объектісінің іске асырылуына ұсынылған құны қатынасында 10% кем емес меншікті қаражаты бар болуы, немесе концессия объектісінің іске асырылуына ұсынылған құны қатынасында 10% кем емес құрайтын сомаға банктік кепілдік ұсынылуы;

5) аудиторлық есебімен расталған қаржылық жылдың алдыңғы толық екі жылға қаржылық есептің бар болуы.