Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында 200 төсектік қалалық балалар ауруханасын салу және пайдалану

Жобаның мақсаты:

• Семей қ. балалар денсаулығын жақсарту;

• Семей қаласы балаларының білікті медициналық көмекпен қамтылуын арттыру.

Міндеті:

Семей қаласында 200 төсектік қалалық балалар ауруханасын мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (концессия) схемасы негізінде салу және пайдалану.

Іске асыру орны:

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ. Мичурин көш.

Шарт түрі:

ВТО концессиялық схемасы (құрылыс-тапсыру-пайдалану)

Қаржыландыру схемасы: Жобаны іске асыру жеке инвестицияларды, яғни концессионердің қаражатын, тарту көмегімен, соның ішінде 10 % меншікті қаражат және 90 % қарыз қаражаты арқылы жүзеге асыру болжанады.

Жобаны іске асыру кезеңі:

- Құрылыс мерзімі: 2015-2017 жж.

- Құрылыс мерзімі шамамен 2 жылды құрайды.

- Концессия мерзімі – 30 жыл.

Қызмет түрі:

Медициналық қызметтер.

Жобаның қаржылық-экономикалық көрсеткіштері:

Жобаның құны: 7,0 млрд. теңге (37,8 млн. АҚШ доллары)

Жобаның қуаттылығы: 200 төсек

Қызметті тұтыну нарығы: Семей қ. балалар. Семей қаласында мемлекеттік балалар ауруханасы жоқ. Қолданыстағы жеке аурухана санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес келмейді.

Мемлекеттік қолдау шаралары:

• концессионердің инвестициялық шығындарын 10 жыл ішінде тең үлесте концессия объектісі құнының 100% мөлшерінде өтемақы төлеу;

• уақытша пайдалану құқығымен жер телімін беру;

• инженерлік коммуникацияларды тарту;

• тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсыну.

Жобаның тиімділік көрсеткіштері:

• Жобаның өтелімділік мерзімі: 17,5 жыл;

• Таза ағымдағы құн (NPV): 2139,2 млн. теңге

• Табыстылықтың ішкі мөлшері (IRR): 12%

Инвестордың жобаға қатысу үлгісі:

Жобаға инвестиция концессия объектісі құнының 10% меншікті қаражат және 90 % қарыз қаражат немесе 100% меншікті қаражат.

Болжамды нәтиже:

• Заманауи диагностикалық және емдеу құрал-жабдықтарымен жасақталған бір стационарға балаларға жоғары мамандандырылған көмек көрсетудің барлық спектрларын біріктіру;

• Сәулелік диагностиканың, компьютерлік томографияның, рентгеноангиографияның жаңа бөлімдерін ашу, функционалды диагностикалау мен медициналық оңалтуды анықтау;

• Инфекциялық бөлім, хирургиялық бөлім (таза, іріңді нейрохиругия), соматикалық бөлім (пульмонология, неврология, токсикология, нефрология).

Инвесторға қойылатын талаптар:

Концессионер таңдау бойынша конкурста қатысу үшін әлеуетті концессионер келесі біліктілік талаптарына лайық болуы тиіс:

1) концессия шартының міндеттерінің орындалуы үшін керекті қаржылық және материалдық қорларының бар болуы;

2) төлеуге шамасы жететін, таратуға жатпайтын, оның мүлкіне тыйым салынбаған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық шаруашылық қызметі тоқтатылмаған болуы тиіс;

3) заңды күшіне енген, сот шешімінің негізінде концессия шартының жасасу кезінен соңғы үш жыл ішіндегі орындамаған және орныдауға жататын міндеттері үшін жауапқа тартылмаған болуы тиіс.

4) концессия объектісінің іске асырылуына ұсынылған құны қатынасында 10% кем емес меншікті қаражаты бар болуы, немесе концессия объектісінің іске асырылуына ұсынылған құны қатынасында 10% кем емес құрайтын сомаға банктік кепілдік ұсынылуы;

5) аудиторлық есебімен расталған қаржылық жылдың алдыңғы толық екі жылға қаржылық есептің бар болуы.