Өскемен қаласында балабақшалар кешенін салу және пайдалану

Мақсаты:

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында орындар тапшылығы мәселесін азайту

Міндеті:

Өскемен қаласында мемлекеттіке-жеке меншік әріптестік схемасы (концессия) негізінде 5 балабақша салу және пайдалану.

Шығыс Қазақстан облысының басшылығы жобаның табысты енгізілуі үшін қажетті қаражаттандыруды ұсынуға қабілетті қазақстандық және шетелдік инвесторлармен жемісті ынтымақтастық жасасуға қызығушылық білдіруде.

Жобаның жағымды нәтижесі: жеке инвесторларға жаңа мүмкіншіліктер жасау, тиімді басқаруды енгізу, халыққа көрсетілген қызметтің сапасы. Жобаның табысты енгізілуі Қазақстандағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмінің инвестициялық әлеуетін көрсетеді..

Шарт түрі:

ВТО концессиялық схемасы (құрылыс-тапсыру-пайдалану)

Осы схема бойынша концессионер (инвестор) балабақша салып, құрылыс кезеңінің аяқталуы бойынша оны коммуналдық меншік иелігіне табыстайды, кейіннен объект 19 жылға кәсіпкердің пайдалануына беріледі, содан кейін Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мемлекеттік тапсырыс көлемін анықтайды.

Жобаны іске асыру кезеңі:

• Құрылыс мерзімі: 2016-2017 жж.

• Пайдалану мерзімі: 2017-2037 жж.

• Концессия мерзімі – 20 жыл.

Қызмет түрі:

Білім беру қызметі және қосымша қызмет ұсыну.

Жобаның қаржылық-экономикалық көрсеткіштері:

Жобаның құны: 3,4 млрд. Теңге (18 млн. АҚШ доллары);

Жобаның қуаттылығы: 1200 орынды 5 балабақша;

Қызметті тұтыну нарығы: Өскемен қ. халқы, мектепке дейінгі жастағы балалар, мектепке дейінгі мекемелерде орын жетіспеушілігі 5 000 астам орынды құрайды.

Мемлекеттік қолдау шаралары:

• концессионердің инвестициялық шығындарын 10 жыл ішінде тең үлесте концессия объектісі құнының 100% мөлшерінде өтемақы төлеу;

• уақытша пайдалану құқығымен жер телімін беру;

• инженерлік коммуникацияларды тарту;

• мемлекеттік тапсырысты орналастыру.

Жобаның тиімділік көрсеткіштері:

- Жобаның өтелімділік мерзімі: 101 ай.

- Таза ағымдағы құн (NPV): 18,3 млрд. теңге (9,7 млн. АҚШ доллары)

- Табыстылықтың ішкі мөлшері (IRR): 15,3%

Инвестордың жобаға қатысу үлгісі:

Концессионер 1200 орын жалпы қуаттылықпен 5 балабақшаны жобалауға, салуға, жабдықтауға және қаражаттандыруға жауапты. Құрылыстық барлық объектілері жер телімдерімен және инженерлік коммуникацияларды тартуға техникалық шарттармен қамтамасыз етілген. Барлық инженерлік коммуникацияларды салу және тарту Өскемен қаласының әкімдігімен жүзеге асырылатын болады. Жобаға инвестиция концессия объектісі құнының 10% меншікті қаражат және 90 % қарыз қаражат.

Құжаттаманың бар пакеті:

Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) бар.

Жоба бойынша кіріс көздері:

- Инвестициялық шығындарға өтемақы төлеу концессия шартымен белгіленген мерзімдер мен көлемдерде, 7 жыл ішінде тең үлесте орны толтырылады;

- қосымша ақылы қызметтерді көрсету.

Меншік:

Құрылыс аяқталғаннан кейін бүкіл активтерге меншік құқығы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасына тапсырылатын болады.

Конкурсты ұйымдастыру және мерзімді белгілеу үдерісі:

Жоба бойынша конкурсты ұйымдастыру «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес орындалады. Конкурста қатысу үшін минималды талаптар шартқа сәйкес үкімет өкілімен бекітіледі және де алдын ала белгіленген заңды, қаржы талаптарына, сондай-ақ жобаны іске асыруға қабілеттің (тәжірибенің) болу талабына негізделген.

Конкурсты ресми түрде жариялағаннан кейін, қатысушыларға жобаның құрылымы мен конкурстық құжаттама ұсынылатын конкурсты өткізу орны мен уақыты белгіленеді.

Концессионерді таңдау бойынша конкурстың жаңа шарттары:

Лоттар бойынша балабақшалар кешенін бөлу: 1 (бір) балабақша – 1 (бір) лот.

Инвесторға қойылатын талап:

Концессионер таңдау бойынша конкурста қатысу үшін әлеуетті концессионер келесі біліктілік талаптарына лайық болуы тиіс:

1) концессия шартының міндеттерінің орындалуы үшін керекті қаржылық және материалдық қорларының бар болуы;

2) төлеуге шамасы жететін, таратуға жатпайтын, оның мүлкіне тыйым салынбаған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық шаруашылық қызметі тоқтатылмаған болуы тиіс;

3) заңды күшіне енген, сот шешімінің негізінде концессия шартының жасасу кезінен соңғы үш жыл ішіндегі орындамаған және орындауға жататын міндеттері үшін жауапқа тартылмаған болуы тиіс.

4) концессия объектісінің іске асырылуына ұсынылған құны қатынасында 10% кем емес меншікті қаражаты бар болуы, немесе концессия объектісінің іске асырылуына ұсынылған құны қатынасында 10% кем емес құрайтын сомаға банктік кепілдік ұсынылуы;

5) аудиторлық есебімен расталған қаржылық жылдың алдыңғы толық екі жылға қаржылық есептің бар болуы.