Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Бұқтырма су қоймасынан көпірлі өткел салу және пайдалану

Жобаның мақсаты:

Жобаны іске асырудың мақсаты болып табылады:

• Қауіпсіз өткелді қамтамасыз ету, адамдардың қаза болу жағдайын азайту;

• Кез келген жыл маусымында жол жүруді ұйымдастырудың шарттарын жақсарту және жүк ағынының көлемін арттыру, тасымалданатын халық тұтынатын тауарлардың өзіндік құнын төмендету.

Жобаны іске асыру орны:

ШҚО Күршім мен Көкпекті аудандары

Шарт түрі:

BTO концессиялық схемасы (құрылыс-тапсыру -пайдалану).

Жобаны іске асыру кезеңі:

• Құрылыс мерзімі – 2017-2019 жж.

• Объектіні пайдалану мерзімі – 2019-2045 жж.

• Концессия мерзімі – 30 жыл

• Қызмет түрі: Көпірлі өткелді пайдалану

Жобаның қаржылық-экономикалық көрсеткіштері:

Жобаның құны: 21,016 млрд. теңге;

Жобаның қуаттылығы: Кіреберіс жолдары бар жобаланған 2 жолақты автомобиль көпірінің ұзындығы 1 300 метр, ені 13 метр, екі жақтағы кіреберіс ұзындықтары 20,5 км;

Қызметті тұтыну нарығы: Күршім, Көкпекті, Катон-Қарағай аудандарының халқы.

Жобаның тиімділік көрсеткіштері:

• Таза ағымдағы құн (NPV): 2 101 млн. теңге;

• Табыстылықтың ішкі мөлшері (IRR): 10,71%.

Мемлекеттік қолдау шаралары:

• концессионердің инвестициялық шығындарын 8 жыл ішінде тең үлесте концессия объектісі құнының 100% мөлшерінде өтемақы төлеу;

• уақытша ақысыз пайдалану құқығымен жер телімін ұсыну және қажетті инженерлік коммуникацияларды тарту.

• мемлекеттік қолдау көпірлі өткелге кіреберіс құрылысына жер телімдер –натуралды гранттар түрінде ұсынылады.

Инвестордың жобаға қатысу үлгісі:

Жобаға инвестиция концессия объектісі құнының 10% меншікті қаражат және 90 % қарыз қаражат немесе 100% меншікті қаражат.

Жобаның бастамашысы:

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Инвесторға қойылатын талаптар:

Концессионер таңдау бойынша конкурста қатысу үшін әлеуетті концессионер келесі біліктілік талаптарына лайық болуы тиіс:

1) концессия шартының міндеттерінің орындалуы үшін керекті қаржылық және материалдық қорларының бар болуы;

2) төлеуге шамасы жететін, таратуға жатпайтын, оның мүлкіне тыйым салынбаған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық шаруашылық қызметі тоқтатылмаған болуы тиіс;

3) заңды күшіне енген, сот шешімінің негізінде концессия шартының жасасу кезінен соңғы үш жыл ішіндегі орындамаған және орныдауға жататын міндеттері үшін жауапқа тартылмаған болуы тиіс.

4) концессия объектісінің іске асырылуына ұсынылған құны қатынасында 10% кем емес меншікті қаражаты бар болуы, немесе концессия объектісінің іске асырылуына ұсынылған құны қатынасында 10% кем емес құрайтын сомаға банктік кепілдік ұсынылуы;

5) аудиторлық есебімен расталған қаржылық жылдың алдыңғы толық екі жылға қаржылық есептің бар болуы.