«МЖӘ бірте-бірте» тәжірибелік курсы
Осы жылдың 3-7 қыркүйек аралығында «МЖӘ-тің негіздері» атты интенсивті тәжірибелік курсы өтті. Семинарға орталық және жергілікті атқарушы органдардың және түрлі мекемелердің өкілдері қатысты. Семинардың өту барысында Қазақстанда МЖӘ-нің келешегі, концессиондық жобаларды жоспарлау амалдарының реті: концессиялық ұсыныстарды дайындаудан бастап концессиялық шартты жасауға дейінгі қадамдар қаралды. «МЖӘ-нің негіздері» оқу курсының дәріс берушілері болып «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-ның жетекші сарапшылары мен мамандары қатысты. Іс-шараның қорытынды кезеңінде қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Другие новости
