Әрқашан өзекті сумен жабдықтау және су тарту мәселелері талқылануда

Бүгін, 1 наурызда Астана қаласында «Қазақстан Республикасындағы қалалық сумен жабдықтау және су тарту: Инфрақұрылымды дамыту және қаржы тетіктері» тақырыбына екі күндік семинар басталды. Семинар Азия Даму Банкі (АДБ) және Еуропа Қайта құру және Даму Банкімен (ЕҚДБ) бірлесіп, ҚР Үкіметінің қолдауымен ұйымдастырылған. ШҚО әкімдігі атынан «ШҚО МЖӘ ӨО» АҚ Басқарма төрағасы Ш.С. Бұқтұғұтов іске асырылып жатқан жобалар мен өңірге инвестициялар тарту жоспары туралы баяндамасымен қатысты.
Семинар шеңберінде ЕҚДБ облыстармен, Астана және Алматы қалаларымен өзінің жұмыс тәжірибесін айтып бөлісті, ал АДБ басқа Азия елдерінде, оның ішінде Орталық Азия және одан тыс елдерде қолданылатын салалық операциялар мен білікті шешімдердің мысалдарын көрсетті. ҚР Инвестициялар мен даму министрлігінің Құрылыс және ТҮКШ істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов Қазақстандағы қалалық сумен жабдықтау және су тарту секторында Үкіметтің басым мәселелері мен инвестициялық қажеттіліктері туралы баяндап берді.
Облыс басшыларының инвестициялық жоспарларымен бөлісуі семинардың барлық қатысушыларына Қазақстан өңірлеріндегі әзірленіп отырған тиісті потрфельдерді одан әрі дамыту үшін нақты мүмкіндіктерді анықтауға жағдай жасайды. Семинар тәуелсіз операциялардан бастап, жеке секторға инвестицияларды тарту және мемлекет пен жеке сектор инфрақұрылымды дамытуға бірлескен үлес қосатын аралас қаржыландыруға дейін жобаларды қаржыландыру механизмдері жөнінде нақты талқылауды қамтыды.
