Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында білім саласындағы бизнес

Білім жүйесі – әлеуметтік саланың басым бағыттарының бірегейі болып табылады. Осы салаға инвестицияны тарту мақсатында жыл сайын заңнамалық база жетілдірініп, сәйкесінше жеке инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Осындай шаралардың бірі мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі, ол инвесторға кепілдендірілген тұрақты кіріс пен туындауы ықтимал барлық тәуекелдерді мемлекетпен бөлісуді көздейді.
Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысындағы бала-бақшаларда орын тапшылық мәселесі етек алған. Облыс бойынша бала-бақшаға кезекте тұрған 7-жасқа дейінгі балалар саны 24 мың болса, оның 16 115 бала Өскемен мен Семей қалаларында. Жыл сайын бұл кезек артуда.
Аталмыш мәселені шешу үшін ШҚО әкімдігі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік құрылымы бойынша Өскемен қаласында жалпы сомасы 4,1 млрд. теңгені құрайтын 1640 орынды 6 бала-бақша құрылысы мен Семей қаласында сомасы 2,6 млрд. теңгені құрайтын 1290 орынды 5 бала-бақша құрылысы концессиялық жобаларын жүзеге асыруда.
Бүгінгі таңда бала-бақшалар құрылысына жер телімдер анықталып, әр бір учаскіге қажетті коммуникациялар жүргізілген. Бала-бақша құрылысы 2015 жылы басталады деп жоспарланып отыр. Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде концессионерді таңдау жөніндегі конкурс жарияланды. Қатысушылардың үздік конкурстық өтінімдерін анықтау 2015 жылдың 14 маусымында өтеді.
Сондай-ақ жобаға қызығушылықты арттыру мақсатында аталмыш жобаларды жүзеге асыру үлгісіне өзгертулер енгізілді, мұнда инвестор концессиялық объектіні салып, концессиялық объектісін 7 жыл көлемінде жеке меншік құқық иелігінде басқарып (мемлекетпен құрылысқа кеткен шығындар толық өтелгенге дейін), кейінен концессионермен 12 жыл көлемінде сенімгерлік басқару негізінде пайдалануымен концессия объектісі мемлекеттік меншікке табысталады. Концессия мерзімі 20 жыл.
Облыстық бюджеттен 7 жыл көлемінде бала-бақшалар құрылысының инвестициялық шығындарын өтеу қарасытырылған. Қосымша жобамен балаларды күтуге мемлекеттік тапсырыс ұсыну қарастырылған: жылына бір балаға кететін нақтылы өндірілген шығындар сомасына 297 мың. теңгеден 390 мың. теңге, жылына балалардың тамақтануына төленетін ата-аналық төлеміне 13,1 мың. теңгеден 17,3 мың. теңге, ақылы қызметтерді көрсетуден түсетін кіріске (үйірмелер, секциялар, тілдік курстар) жылына бір балаға 3,9 мың. теңге.
Жобалардың өтелімділігі пайдаланудың 6-жылында орындалады.
Осылайша кәсіпкердің жобадан пайда көруі жаңа мүмкіндіктер, ұзақ уақыт мерзім аралығындағы тұрақты пайда мен облыстық бюджеттен құрылысқа кеткен инвестициялық шығындарын өтеуінен көрініс табады.
МЖӘ механизмі бойынша бала-бақшаларды салу білім саласындағы ұзақ мерзімді, тұрақты және өзара тиімді бизнесті дамытуға үлкен серпін береді.
Қосымша ақпараттар мен анықтаманы мына телефондар бойынша алуға болады: 8 (7232) 70-23-57, сондай-ақ «Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ (www.ppp-vko.kz), 8 (7232) 26-23-96 телефоны бойынша және e-mail: ppp.vko@gmail.com.
