Балабалақшаларға – ақ жол

Ағымдағы жылдың 6 ақпанында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен және Семей қалаларында кәсіпкерлермен білім беру саласындағы концессиялық жобаларды жүзеге асыру, соның ішінде Өскемен қаласында 1640 орынды 6 балабақша және Семей қаласында 1290 орынды 5 балабақшаны салу және пайдалану мәселесі бойынша кездесу өтті.
Облыс орталығындағы кеңес облыс әкімінің орынбасары Н.А. Сақтағановтың және Өскемен қаласының әкімі Т.Ж Касымжановтің, ал Семей қаласында қала әкімінің орынбасары З.Р. Исабаеваның төрағалығымен өтті.
Кездесулер барысында «Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ белсене ат салысты. «ШҚО МЖӘ ӨО» АҚ Басқарма Төрайымы Ә.С. Масақова жобалар бойынша презентация ұсынып, МЖӘ Орталығының қызметкерлері кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шаралары ретінде мемлекеттік білім гарантын үлестіруге кепіл беретін мектепке дейінгі білім беру саласында жеке бизнесті құрып оны дамыту мүмкіндіктері мен концессиялық жобаларды жүзеге асыру үлгісі жайлы мәлімдеме берді.
Өскемен қаласының әкімі жобаларды әлеуметтік маңызы бар деп ескеріп, барлық кәсіпкерлерге оларды жүзеге асыру барысында ат салысуға шақырды. Өз кезеңінде облыс кәсіпкерлері концессиялық жобаларға қызығушылық танытты, олардың қатарында: жобаларды жүзеге асыру үлгісі, жобалардың қаржылық бөлігі (пайда, шығын), жер телімдерді бөлу мәселесі, инженерлік желілерді жүргізу және т.б.
Болашақтағы инвесторларды негізгі мәселе мемлекеттік тапсырысты үлестіру (көлем, өтеу мерзімдері), жеке балабақшалар бойынша шығын мен кірістің көлемі қызықтырды.
Облыс кәсіпкерлерімен екінші деңгейлі банктерде жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемені ұсыну және де инвестициялық шығындарды өтеуді төмендетуге қатысты ұсыныстар ұсынылды.
Республикамызда президент тапсырмасы бойынша қорытынды нәтижесі 2020 жылға дейін елді 100 пайыз мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз ету болып табылатын «Балапан» арнайы бағдарлама жобасы әзірленген. Шығыс Қазақстан осы бағдарламаны жүзеге асыру бойынша алғашқы қадамдарын жасауда және де осы концессиялық жобаларды жүзеге асыру маңызды әлеуметтік мақсаттардың бірегейін шешуге өз ықпалын тигізбек. Өйткені баршамызға «Балалар – біздің болашағымыз!» екендігі мәлім.
