Қалалық және аудандық мәслихаттар хатшыларымен өткен оқыту семинары

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмдерін енгізу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен, және міндетті түрде әкімдіктермен кең ауқымды әдіснамалық жұмыс жүргізу жөніндегі Елбасының тапсырмасын орындау үшін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде қалалық және аудандық мәслихаттар хатшыларымен оқыту семинары өткізілді.

Аталмыш семинарда Шығыс Қазақстандық МЖӘ орталығы Басқармасының басшысы Шәкәрім Сабырұлы Бұқтұғұтов «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңына түсініктеме берді. Түсініктеме беру барысында Басқарма басшысы қатысушыларға Шығыс Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының қызметі, халықаралық қаржы ұйымдарының, атап айтқанда Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің инвестициларын тарту, концессия жобаларын іске асыру жайлы мәлімет берді.

Другие новости