Қазақстанның оңтүстік аймақтары МЖӘ арқылы облыстардың проблемаларын шешеді
Осы аптада Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік құралдарын осы өңірлерде тәжірибеде қолдануды дамытуға арналған екі ірі облыстық мәжілістер өтті.
Мемлекеттік-жеке меншікті қолдану әлемдік тәжірибеде табысты, алайда қиын тетік болып саналады. Осыны түсіне отырып, «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ бір ай ішінде «МЖӘ-бұл мүмкін емес» қиялынын (миф) арылту,сондай-ақ облыстық басқармалармен МЖӘ құралдарын тәжірибеде қалай қолдануды талқыға салу жолында өңірлердің басшыларымен семинар-мәжілістерін өткізуде. Нәтижесінде біз жобаларды «санай» аламыз, оларды әкімдіктер жақын арада ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің қарастыруына тапсырады. (ескертпе – МЖӘ жобаларының операторы)
Осылай, осы жылдың 31 тамызында және 1 шілдесінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Берік Оспановтың төрағалығымен семинар-мәжіліс өтті. Мәжіліс барысында қатысушылар қандай экономика салалары бірінші бола алады, осы өңірде МЖӘ тетіктері қай жерде қолданылады деген сияқты мәселелерді талқылады. Өңірлік МЖӘ орталығы Оңтүстік Қазақстан облысында МЖӘ жылжыту үшін жақсы консультант және техникалық іргетасы болады. МЖӘ әлеуетті жобаларын толық жете талқылау білім беру, денсаулық сақтау, энергетика, туризм, көлік облыстық басқармаларымен жоспарланған кездесулер шеңберінде өтті. Кездесуде басқармалар мен «Қазақстандық мемлекетітк-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ басшылары салалардағы әлеуетті жобаларды және олардың бастамалары жөніндегі іс жүзіндегі әрекеттерін талқыға салды. Нәтижесінде 11 жоба анықталды, оларға жақын арада концессиялық ұсыныс әзірленеді және ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің қарастыруына жіберіледі.
Бүгінгі күнде Жамбыл облысының облыстық орталығы Тараз қаласында осыған ұқсас кездесулер мен талқылаулар өтті. Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен және облыстық басқармалардың, бизнес құрылымдардың және Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қатысуымен семинар-мәжіліс өтті. Семинар-мәжіліске қатысушылар Қазақстандағы МЖӘ саласын реттейтін заңнамалық аспектілерінен хабардар болды, сондай-ақ Жамбыл облысында Өңірлік МЖӘ Орталығын құру мәселесін қарастырды. Кездесу нәтижесінде әкімдік өңірдің экономика салаларындағы әлеуметтік бағдардағы МЖӘ-нің 6 жобасын іске асырудың мүмкіндігі туралы хабарлады.
2012 жылы 28 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті «2007 жылғы 5 наурыздағы № 294 «Концессияға жатпайтын объектілердің тізімі туралы» Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Жарлыққа қол қойғанын атап өтеміз, ол денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметті тұрғындары қорғау саласындағы концессияны қолдануға арналған шектеу қатарын алып тастап, МЖӘ қолдану саласын кеңейтті.
