«ШҚО өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ ұйымдастырған семинар сәтті өтті

2014 жылдың 24 маусымында «ШҚО өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ (бұдан әрі – Шығыс Қазақстандық МЖӘ орталығы) «Қаржылық экономикалық негіздеменің (ҚЭН) экономикалық сараптамасын әзірлеу және жүргізу тәртібінің ережесі» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға Шығыс Қазақстан облысының қалалар мен аудандардың экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінің өкілдері, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қатысты.

Аталмыш семинарда мемлекеттік-жеке меншік әріптестігін дамыту мәселесі бойынша қызметін жетілдіру мен тәжірибе алмасу мақсатында Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары мен «Алматы облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» ЖШС, «Атырау Innovations» ЖШС, «Павлодар облысының кәсіпкерлік және инновацияны дамыту орталығы» ЖШС өкілдері қатысты.

Оқыту семинар барысында қолданыстағы заңнамаға шолу жасалып, ҚЭН әзірлеу кезінде қажетті құжаттарды құрудың сатылы алгоритімі мен қатысушылардың қаржылық жағдайына талдау жасалып, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың ҚЭН ұсыну кезінде қайталанылатын қателіктерінің шешімдері мен нақты мысалдар негізінде күрделі мәселелер қарастырылды. Осылайша қатысушылар семинарға қатыса отырып ҚЭН құруды қалыптастыру мен қолдану мәселесіндегі соңғы өзгертулер мен толықтырулар туралы өзекті және толық ақпарат алды.

Шығыс Қазақстандық МЖӘ орталығының Басқарма Төрайымы Ә.С. Масақова МЖӘ жобаларын дамыту мәселелері бойынша тәжірибемен бөлісе келе, Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Алматы облыстарының облыстық құрылымдарының өкілдерімен өзара ынтымақтастық құру мүмкіндіктері туралы айтып өтті.

Қатысушыларға семинар қорытындысы бойынша сауалнама өткізіліп, оның барысында қатысушылардың айтылған ұсыныстары мен негізгі мәселелері назарға алынды.

Семинарды ұйымдастырушалар барлық қатысушыларға алғыс айта отырып, алдағы жұмыстарына табыс тілейді!

Другие новости