ШҚО мен ЕҚДБ 11 млрд теңгені құрайтын келісімшартқа қол қойды

Өскемен қаласында 2015 жылдың 24 желтоқсанында облыс әкімі Даниал Ахметов және Ресей мен Орталық Азиядағы инфрақұрылым жөніндегі ЕҚДБ директоры Екатерина Мирошник 11 млрд. теңге сомасына кредит шарттарына қол қойды.

Қой қойылған шарттар Семей қаласының жылумен және сумен жабдықтау, су бұру жүйелерін жөндеуге бағытталған. Шарттардың талаптарына сәйкес ЕҚДБ «Семей Водоканал» және Семей қаласының «Теплокоммунэнерго» кәсіпорындарының орталық жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту, сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымын қайта құру жөніндегі жобаларын қаржыландырады.

Бұл жобалар бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі өз кезегінде «Нұрлыжол» инфрақұрылымды дамытудың ұлттық бағдарламасы шеңберінде жеңілдікпен қаржыландыруды бөледі.

ШҚО әкімдігі жалпы сомасы 171,1 млрд. теңге мөлшерінде Еуропа Қайта құру және Даму банкінің қаражатын тарту жөнінде белсенді жұмыс жүргізілуде, соның жалпы сомасы 16,9 млрд. теңгені құрайтын Өскемен және Семей қалаларындағы 5 жоба басым болып табылады. 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында Өскемен және Семей қалаларында көшелік жарықтандыруды энергия үнемдеушіге ауыстыру, Өскемен қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту үшін 5,9 млрд. теңге сомасына 3 кредит шартына қол қою жоспарлануда.

Другие новости