Тікелей келіссөздер арқылы Шығыс Қазақстан облысының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттары үшін «KARAGAILY» шипажайы» «СМСМ базасында санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастыру» мемлекеттік-жекешелік

2015 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР заңының 44-бабына сәйкес, «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ әлеуетті жекеше әріптестің Шығыс Қазақстан облысының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттары үшін санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастыру үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық жасауы туралы хабарлайды.

Шығыс Қазақстан облысының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттары үшін санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастыру үшін негізгі мәлімделген техникалық көрсеткіштер:

Шипажайда ем қабылдау мерзімі - 12 күн (келу);

Шипажай жылына қабылдау саны-23;

1 қабылдау кезінде қызмет алушылар саны-85 адам;

Қызмет құны бір қызмет алушыға тәулігіне 12 000 теңгеден аспайды, МЖӘ жобасына берілетін жолдаманың құнына тұру, тамақтану, емделу кіреді.

Жобаны іске асыру мерзімі: 5 жылдан аспайды.

Жобаны іске асыру орны: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы.

Бюджеттен сұратылатын төлемдер: операциялық шығындардың өтемақысы.

Мемлекеттік қолдау шаралары: жоспарланбайды.

Жекеше әріптес мыналарды жүзеге асырады және жауапты болады:

1) МЖӘ жобасын меншікті және (немесе) тартылған қаражат есебінен қаржыландыру;

2) әлеуметтік қызметтерді сапалы көрсету.

Жобаның техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей тиесілілігі

«Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 Бұйрығына сәйкес объект техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатпайды.

Жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер жоспарланған жобаны іске асыру мүмкіндігі туралы балама ұсыныстар ұсына алады.

Баламалы ұсыныстар «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 Бұйрығының 130-тармағында айқындалған талаптарға сәйкес келуі тиіс.

Балама ұсыныстар осы хабарлама жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

Ақпарат алмасу үшін байланыстар

Балама ұсыныстар жазбаша түрде мына мекенжай бойынша ұсынылады:

Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Киевская көшесі 1, каб. 311, тел. 8/7232/754-011;

«Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар үйлестіру басқармасы»ММ;

Жауапты тұлға - Тулепова Асель Касынкановна.

Другие новости