Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысының Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының атынан мемлекеттік-жекешілік әріптестік жобасында (бұдан әрі - МЖӘ) жекеше әріптесті іріктеуге конкурс жариялайды: «Өскемен қаласында қоғамдық көлікте қалалық жолаушы көлігін диспетчерлеудің ақпараттық жүйесін құрумен, автоматтандырлған бақылау жүйесін және жол жүру төлемін енгізу және сүйемелдеу» және әлеуетті жеке әріптестік конкурсқа қатысуға шақырады.
Жоба жабдықтарды және тасымалдау карталарын жеткізуді, сондай-ақ қалалық жолаушылар тасымалын диспетчерлеу үшін ақпараттық жүйе құру арқылы автоматтандырылған басқару жүйесі мен тарифтерді төлеу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды қамтиды.
Іске асыру кезеңі: МЖӘ нысанын құру мерзімі 11 ай, пайдалану мерзімі - 10 жыл.
Мемлекеттік қолдау шарасы: инвестициялық шығындардың 30% мөлшерінде бірлескен қаржыландыру.
ҚРЗ «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» 32-бабына сәйкес біліктік талаптарына және жеке әріптесті таңдау бойынша конкурстық құжаттымаға сәйкес келетін барлық әлеуетті жеке әріптестер қатысады.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Конкурстық құжаттаманың көшірмесі сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін және 14-30-дан 18-30-ға дейін: ШҚО, Өскемен қаласының, Қазақстан, 59/1 көшесі, 507 кеңсе.
Кокурстық құжаттама пакеті ақысыз беріледі.
Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдерді, сондай-ақ конвертке салынған біліктілік іріктеу құжаттарын әлеуетті қатысушылар «Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мына мекенжай бойынша жібереді: Шығыс Қазақстан, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, 507 кеңсе.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі - 2019 жылдың 29 қаңтарында сағат 13-00 дейін.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттер жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша 2019 жылы 29 қаңтар сағат 15.00-де ашылады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (7232) 701-698 телефоны бойынша, transportvko@mail.ru, сондай-ақ «Облыстық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-ға 8 (7232) 26-23-96 телефоны бойынша ppp.vko@gmail.com, хабарласу арқылы алуға болады.
