Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының 120 орындық "Тополек " балабақшасын қайта құру" МЖӘ жобасы бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру»

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі атынан «ШҚО білім басқармасы» ММ «Шығыс қазақстан облысы, Курчатов қаласының 120 орындық «Тополек» балабақшасын реконструкциялау» жобасы (бұдан әрі-МЖӘ жобасы) бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізудің басталғаны туралы хабарлайды және әлеуетті жекеше әріптестерді конкурсқа қатысуға шақырады.
Жоба жекеше әріптестің 120 орындық «Тополек» балабақшасының ғимаратын қайта жаңартуды, сондай-ақ оны 15 жыл бойы одан әрі пайдалануын көздейді.
МЖӘ объектісі: 120 орындық «Тополек» балабақшасының ғимараты және мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту бойынша қызметтер көрсету болып табылады.
Жобаны іске асыру орны: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов қаласы, Абай көшесі 33а.
Жекеше әріптестің шығындарын өтеу көздері ретінде 5 жыл ішінде инвестициялық шығындарды өтеу болып табылады.
Жобаны іске асыру кезеңі: 15 жыл.
Конкурсқа «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚРЗ 32-бабында көрсетілген біліктілік талаптарына және жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға жауап беретін барлық әлеуетті жекеше әріптестер жіберіледі. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Конкурстық құжаттаманың көшірмесі ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, №716 каб. мекенжайы бойынша сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін және 14-30-дан 18-30-ға дейін, сондай-ақ тіркеу журналы үшін қажетті мәліметтерді (атауы, мекенжайы) жіберген кезде әлеуетті жекеше әріптес өкілінің өкілеттіктерін тиісті түрде ресімделген құжаттамалық растау үшін электронды түрде bilim@akimvko.gov.kz электрондық пошта мекен-жайына жіберу тиіс. Конкурстық құжаттама пакеті тегін беріледі.
Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді, сондай-ақ конвертке салынған біліктілік іріктеуге арналған құжаттарды әлеуетті қатысушылар «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, № 716 каб. мекенжайы бойынша қолма-қол ұсынады.
Жоба бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2021 жылғы 27 мамырда сағат 13-00-ге дейін.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша 2020 жылғы 27 мамырда сағат 15-00-де жүзеге асырылады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (7232) 702-748 телефоны бойынша, сондай-ақ «ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ 8 (7232) 26-23-96 телефоны бойынша алуға болады.
e-mail: ppp.vko@gmail.com.
