Мемлекеттік-жекешілік әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының атынан мемлекеттік-жекешілік әріптестік жобасында жекеше әріптесті іріктеуге конкурс жариялайды: «Қызыл ту» паромдық өткел кешенін қызмет көрсетуге беру» және
Іске асыру ұзақьығы – 60 ай. Жекеше әріптестігі пайдалану мерзімі - 5 жыл (2021-2026 ж.).
Конкурсқа «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Занының 32-бабында және жеке әріптесті таңдау бойынша конкурстық құжаттымада көрсетілген біліктілік талаптарға сай барлық әлеуетті жеке әріптестер қатысады.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Конкурстық құжаттаманың көшірмесі сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін және 14-30-дан 18-30-ға дейін ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі 59/1, 507 кабинетке ұсынылады.
Кокурстық құжаттама пакеті ақысыз беріледі.
Әлеуетті қатысушылар конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдерді, сондай-ақ конвертке салынған біліктілік іріктеу құжаттарын «Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне мына мекенжай бойынша қолма қол ұсынады: Шығыс Қазақстан, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі 59/1, 507 кабинет.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі - 2021 жылдың 20 тамызы сағат 13-00 дейін.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттер жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша 2021 жылғы 21 тамызда сағат 15.00-де ашылады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (7232) 701-698 телефоны бойынша, transportvko@mail.ru, сондай-ақ «ШҚО аймақтық мемлекеттік-жекешілік әріптестік орталығы» АҚ 8 (7232) 26-23-96 телефоны бойынша ppp.vko@gmail.com, хабарласу арқылы алуға болады.
