«Өскемен қаласындағы мектеп асханаларындағы ас әзірлейтін бөліктерді жаңғырту және қызмет көрсету» жоспарланған МЖӘ жобасы туралы қызығушылықты білдіру жөніндегі хабарлама

Кәсіпкерлік субъектілерін тарту, сондай-ақ «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығының 12-тармағына сәйкес «Өскемен қаласындағы мектеп асханаларындағы ас әзірлейтін бөліктерді жаңғырту және қызмет көрсету» жоспарланған МЖӘ жобасына қызығушылықты білдіру туралы хабарлайды.

Жобаның негізгі көрсеткіштері:

Жобаның болжалды құны (инвестициалық бөлігі): 503,731 млн. теңге;

Жобаны жүзеге асыру орны: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының 44 мектебі;

Мемлекеттік қолдаудың болжалды іс-шаралары (қолдаудың түпкілікті түрлері конкурстық құжаттама дайындау аясында анықталатын болады):

- жобаны жүзеге асырудың орта мерзімді уақыты.

МЖӘ жобасын жүзеге асыру кезеңі: 7 жыл (2019-2026 жж.);

Жобаға қойылатын талаптар:

Жеке серіктес:

1. Жобаны жүзеге асыру үшін қаржы құралдарын тартады;

2. Мектеп асханаларына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізеді;

3. Мектеп асханаларына қажетті жабдықтар, құрал-саймандар сатып алады;

4. МЖӘ объектісіне сапалы сипаттамаларды, ұсынылатын қызметтердің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Ұсыныстарды ұсынудың соңғы мерзімі 2019 жылғы 2 ақпанға дейін.

Байланыс телефондары: «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, тел.: 8 (7232) 702-357, электронды мекенжай: bilim@akimvko.gov.kz.

Другие новости