«Марқакөл ауданының аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын құру жобасы бойынша мүдделерін білдіру туралы сұрау салу

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Күршім ауданының аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Марқакөл ауданының аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастыру арқылы құруды жоспарлап отыр және әлеуетті әріптестерді жобаны талқылауға тарту және осы жобаны іске асыру бойынша балама ұсыныстар мен нұсқаларды ұсыну үшін мүдделерін білдіруді сұрау туралы хабарлайды.

Жобаның негізгі бағыты:

Денсаулық сақтау саласындағы өндірістік–шаруашылық қызмет, оның ішінде, Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырылады, кең бейінді ауруханалар мен мамандандырылған ауруханалардың қызметі (ЭҚЖЖ-86.10.1), «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген медициналық қызмет, көрсетілетін қызметтің түрлері мен шарттары бойынша медициналық көмек көрсету:

1) дәрігерге дейінгі медициналық көмек, алғашқы медициналық-санитариялық көмек, білікті медициналық көмек;

2) мамандандырылған медициналық көмек:

- амбулаториялық-емханалық көмек, консультациялық-диагностикалық көмек;

- стационарды көмек, оның ішінде жұқпалы аурулары бар науқастарға;

- стационарды алмастыратын көмек;

3) жедел медициналық көмек;

4) медициналық оңалту III кезең амбулаториялық деңгейде;

5) Функционалдық диагностика;

6) Зертханалық диагностика; (клиникалық, биохимиялық, серлогиялық, бактерологиялық).

7) Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы қызмет: салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар, салауатты өмір салты мен тамақтануды насихаттау;

8) Денсаулық сақтау саласындағы сараптама:

- еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы;

- профилактикалық тексерулердің барлық түрлері.

9) фармацевтикалық қызметтер: медициналық көрсетілімдер бойынша дәрілік формулярларға сәйкес дәрілік қамтамасыз ету, ТМККК шеңберінде амбулаториялық деңгейде дәрілік қамтамасыз ету (тегін медициналық көмектің көлеміне кепілдік берілген);

10) денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет;

11) Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек 86.23.0 ЭҚЖЖ коды бойынша.

Нысанның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы, Маркакол ауылы, тохтаролв көшесі 13.

Болжамды техникалық шешімдердің жобалық сипаттамасын қоса алғанда, қызығушылық бойынша ұсыныстар 2024 жылғы 29 сәуірге дейінгі мерзімде қабылданады.

Толығырақ ақпарат: «Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ, Өскемен қаласы, Қазыбек би даңғылы 11/1, тел.: 8 (7232) 74 16 00; e-mail: [email protected]

29.03.2024
Другие новости