Жарма ауданы әкімдігінің «Жарма-жылу» КМК құру» туралы жоспарланған жобасы бойынша мүдделерін білдіру туралы сұрау салу

Жарма ауданында Шуақ ауылының орталықтандырылған қазандығы өз қызметін жүзеге асырады, ол №23 түзеу мекемесін, 9 абаттандырылған үй онда 501 пәтер (755 адамнан тұратын 225 отбасыны), Шуақ ауылының № 236 орта мектебін, "Еңбек Өскемен"РМК филиалын жылумен қамтамасыз етуде тұрақты бақылауды талап етеді,
Жоғарыда аталған объектілердің жай-күйінің қанағаттанарлықсыз болуына және жылумен қамтамасыз етілуін бақылаудың болмауына байланысты Жарма ауданы әкімдігінің жанынан жаңа коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын құру туралы мәселе қарауға енгізіледі, оның қызметінің мәні жылумен жабдықтау саласындағы шаруашылық қызметті жүзеге асыру болады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты жасалған шарттарға сәйкес кәсіпорынның жылу желісіне қосылған тұтынушыларды жылу энергиясымен қамтамасыз ету болып табылады.
Кәсіпорын Даму жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған өз кірістері мен бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын болады.
Нысанның орналасқан жері: Қазақстан, Абай облысы, Жарма ауданы, Шуақ ауылы, индексі 070607.
Қызығушылық бойынша ұсыныстар 2023 жылдың 26 маусымына дейін қабылданады.
Толығырақ ақпаратты «Абай облысы Жарма ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі автомобиль жолдары бөлімі» ММ Абай облысы, Жарма ауданы Қалбатау ауылы, Достық көшесі 98/2; тел: 8 723 47 65 633; e-mail: zharma_zhkh@mail.ru
