«Глубокое ауданы Глубокое кентінде жылу көзін салу» МЖӘ жобасы бойынша екі кезеңді конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» «Глубокое ауданы Глубокое кентінде жылу көзін салу» МЖӘ жобасы бойынша екі кезеңдік конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жеке әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.

Жобаның атауы: «Глубокое ауданы Глубокое кентінде жылу көзін салу»

Жобаны іске асыру саласы (саласы): Жоба жылу энергетикасы саласында жүзеге асырылады.

МЖӘ жобасының мақсаты: Жоба Глубокое кентінде сапалы жылумен қамтуды қамтамасыз ету үшін жылу көзінің құрылысы мен пайдалануын көздейді.

МЖӘ объектісінің жобалық қуаты: 30 Гкал/сағат.

Жобаны іске асыру орны: Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Глубокое кенті.

Пайдалану мерзімі: 12 жыл.

«МЖӘ туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес.Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жекеше әріптестер 2022 жылғы 17 қазаны сағат 13:00-ге дейін (жергілікті уақытпен) «Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нің техникалық тапсырмасына сәйкес әзірленген техникалық ұсынысты, сондай-ақ оның негізінде біліктілік іріктеу жүргізілетін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет

Конкурсты ұйымдастырушының атауы: «Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ

Байланыс деректері: Өскемен қаласы, К.Либнехта көшесі, 19, энергетика және энергия үнемдеу бөлімінің басшысы Абдурашитова Р.А., тел. 8 (7232) 701-168.

Құжаттар көшірмелерінің пакетін Өскемен қаласы, К.Либнехта көшесі 19, мекенжайы бойынша сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-18.30-ға дейін (жергілікті уақыт бойынша) алуға болады.

11.10.2022
Другие новости