Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан оперетта театры» коммуналдық қазыналық мемлекеттік кәсіпорны нысанын жоспарлау бойынша қызығушылық білдіруге сұраныс

«Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан оперетта театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құруды жоспарлап отырғанын хабарлайды және әлеуетті серіктестерді тарту үшін, жобаны талқылау және осы жобаны жүзеге асырудың балама ұсыныстары мен нұсқаларын ұсыну туралы қызығушылық танытатын сұраныс қабылдайды.

Құрылатын нарық субъектілерінің қызмет түрлері – ОКЕД коды «90011 – Театр қызметі Кіші сынып – театрландырылған қойылымдарды, опералық қойылымдарды қою және көрсету; театр труппаларының қызметі».

Жобаның негізгі бағыты:

1. Кәсіпорын қызметінің мәні мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

2. Кәсіпорынның мақсаты опереттаны орындау арқылы халықты патриоттық, адамгершілік, рухани, эстетикалық тәрбиелеу болып табылады.

3. Осы мақсатқа жету үшін Кәсіпорын мынадай ісшараларды жүзеге асырады:

1) ересек көрермендерге, балалар мен жастарға арналған спектакльдер, концерттік бағдарламалар, спектакльдер қою және көрсету;

2) жеке және заңды тұлғалармен жасалған шарттар бойынша спектакльдер, концерттік бағдарламалар дайындау, спектакльдер, концерттер, қойылымдар өткізу;

3) мәдени ісшараларды, мерекелік шараларды, корпоративтік, жеке және басқа да ісшараларды ұйымдастыру, өткізу және оларға қатысу;

4) Дайындалған спектакльдер мен концерттермен гастрольдік сапарларды ұйымдастыру және өткізу;

5) шарт негізінде шақырылған орындаушыларды, шығармашылық ұжымдарды, балетмейстерлерді, дирижерлерді, қоюшы режиссерлерді, авторларды, суретшілерді және басқа мамандарды тарту;

6) жасалған шарттарға сәйкес басқа театрлардың гастрольдік ісшараларын өткізу, бірлескен жобалар мен бағдарламаларды іске асыру үшін сахналық және басқа да қызметжаймен қамтамасыз ету.

Кәсіпорынға Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін және оның қызметінің мәні мен мақсаттарына сәйкес келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

Нысанның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Тоқтаров көшесі, 47 ғимарат.

Ұсынылған техникалық шешімдердің жобалық сипаттамаларын қоса алғанда, қызығушылық тудыратын ұсыныстар 2024 жылдың 26 наурызына дейін қабылданады.

Толық ақпаратты «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінен алуға болады, тел.: 8 (7232) 401416, 701038

Другие новости