Абай облысы ветеринария басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсуат-Вет» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын құру» жоспарланып отырған жобасы бойынша мүддені білдіруге сұрату

Абай облысының әкімдігі Абай облысы ветеринария басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсуат-Вет» коммуналдық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын құруды жоспарлап отыр және жобаны талқылауға әлеуетті серіктестерді тарту және осы жобаны іске асыру бойынша балама ұсыныстар мен нұсқаларды ұсыну үшін мүддені білдіруге сұрату жөнінде келесіні хабарлайды.
Жобаның негізгі бағыты:
1. Ветеринариялық іс-шараларды жүргізу мен қызмет көрсету.
2. Ауданның ветеринариялық-санитариялық жағдайын қамтамасыз ету үшін ветеринария саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру.
3. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Қоғам келесі іс-шараларды жүзеге асырады:
1) жануарлардың аса қауіпті, инфекциялық емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық шаралар;
2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру;
3) ауылшаруашылық жануарларын ұрықтандыру бойынша жасанды қызметтер көрсету;
4) жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру үшін тауарлар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсету;
5) құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастыратын мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырлар), сою алаңдарын (ауылшаруашылық жануарларына арналған мал сою алаңдары) күтіп ұстау;
6) жануарларды аулауды, уақытша ұстауды және жансыздандыруды ұйымдастыру;
7) ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу, ұсыну;
8) ветеринариялық анықтама беру;
9) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және олардан үзінділер беру үшін деректер базасын жүргізу;
10) биологиялық материалдан сынама алу және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу;
11) ауру малды санитарлық сою үшін тасымалдау бойынша қызметтер.
Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» Заңының 13-бабына сәйкес ветеринария саласындағы мынадай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырады:
1) ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметі;
2) дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация;
3) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды ветеринариялық-санитариялық сараптау.
4. Нысанның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі, 8 үй.
Болжанатын техникалық шешімдердің жобалық сипаттамасын қоса алғанда, мүдделілік жөніндегі ұсыныстар 2022 жылғы 10 қазанға дейінгі мерзімде қабылданады.
Толық ақпаратты Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі, 8 үй, тел: 887478496415; e-mail: e.baryshev@akimatabai.gov.kz «Абай облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінен алуға болады.
