«Курчатов қаласында 120 орынға арналған «Тополек» балабақшасын реконструкциялау» МЖӘ жоспарланып отырған жобасы бойынша мүдделерді ұсынуға сұрау салу

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ «Курчатов қаласында 120 орынға арналған «Тополек» балабақшасын реконструкциялау» мемлекеттік-жекешелікәріптестікжобасының (бұдан әрі – МЖӘ жобасы) дайындығын бастағаны туралы жариялайды және жобаны іске асыру бойынша жобаны талқылауға және бастамашылық ұсыныстар мен нұсқаларды ұсынуға әлеуетті әріптестерді тарту үшін мүдделерін ұсынуға сұрау салатыны туралы хабарлайды.
Жоба 120 орынға арналған «Тополек» балабақшасының ғимаратын реконструкциялауды және оны одан әрі 15 жыл аралығында жеке әріптеспен басқаруды ұсынады.
Жобаның құны 482,2 млн. тенге.
МЖӘ объектісі 120 орынға арналған «Тополек» балабақшасының ғимараты және мектепке дейінгі жастағы балаларды оқуты және тәрбиелеу қызметтерін ұсыну болып табылады.
МЖӘ объектісінің орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов қаласы, Абай көш., 33А.
Жеке әріптестің шығындарын өтеу көзіретінде 5 жыл аралығында инвестициялық шығындардың өтем ақысы ұсынылады.
Жобаны іске асыру мерзімі: 15 жыл және 6 ай.
Мүдде таныту ұсыныстары 2021 жылғы 29 наурызға дейін қабылданады
