Шығыс Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының «Самар-Вет» ШЖҚ КМК құру жобасы бойынша мүдделерін білдіру туралы сұрау салу

Шығыс Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының «Самар-Вет» ШЖҚ КМК құруды жоспарлап отыр және әлеуетті әріптестерді жобаны талқылауға тарту және осы жобаны іске асыру бойынша балама ұсыныстар мен нұсқаларды ұсыну үшін мүдделерін білдіруді сұрау туралы хабарлайды.
Жобаның негізгі бағыты:
Адам және жануарлаға ортақ аса қауіпті аурулардың алдын алу мақсатында аса қауіпту ауруларға қарсы ветеринариялық профилактикалық және зерттеу іс-шараларды жүргізу:
1) жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді;
2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді;
3) жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді;
4) құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстауды;
5) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды;
6) ветеринариялық анықтама беруді;
7) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беруді;
8) биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізуді;
9) ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау.
Нысанның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, ШҚО, Самар ауданы, Самарское ауылы, Лоскутов көшесі, 25.
Болжамды техникалық шешімдердің жобалық сипаттамасын қоса алғанда, қызығушылық бойынша ұсыныстар 2022 жылғы 09 желтоқсанға дейінгі мерзімде қабылданады.
Толығырақ ақпарат: «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ, Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 38/40, тел.: 8(7232) 700-727; +77054542727, e-mail: me.kainuldaev@akimvko.gov.kz
