Үлкен Нарын ауданының мәдениет және демалыс орталығы " коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жоспарланған нысан бойынша мүдделерін білдіру туралы сұрау салу

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 424 Жарлығы негізінде және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Үлкен Нарын ауданы әкімінің аппараты" ММ "Үлкен Нарын ауданының мәдениет және тұрғындардың демалыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құруды жоспарлап отыр және әлеуетті серіктестерді жобаны талқылауға тарту және осы жобаны іске асыру бойынша балама ұсыныстар мен нұсқаларды ұсыну үшін мүдделерін білдіруді сұрау туралы хабарлайды.
Құрылатын нарық субъектісінің қызмет түрі - Экономикалық қызмет коды-93299
Жобаның негізгі бағыттары:
Кәсіпорын қызметінің мәні ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу болып табылады.
Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) халық шығармашылығын дамыта отырып, этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтау, насихаттау, оларды осы заманғы мәдени- тарихи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімдеуге;
2) мәдени өмір саласына тарту мақсатында концерттік гастрольдер, спектакль қойылымдары шығармашылық қызметтерін жүргізеді;
3) Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелерді, концерттерді, ән-би мерекелерін, тұсаукесерлерді, фестивальдерді, конкурстарды, айтыстарды, халықтың қолданбалы және бейнелеу өнері көрмелерін ұйымдастырады;
4) мәдени-демалыс қызметіндегі және халық шығармашылығындағы озық тәжірибені зерделеуге, қорытуға, танытуға, оны енгізуге және таратуға;
5) облыстық, өңірлік, республикалық, халықаралық мерекелерге, конкурстарға, фестивальдерге қатысу арқылы халық шығармашылығының үздік ұжымдарын насихаттауға;
6) мәдени-демалыс қызметі саласындағы инновациялық жобаларды, ұлттық мәдениеттердi сақтауға және дамытуға бағытталған әртүрлi мәдени акцияларды, бастамаларды қолдауға бағытталады;
7) тарихи мәдени мұра объектісіндегі мәдени құндылықтарды сақтау, мәдени-ағарту және өзге де рухани мақсаттарды іске асыру;
8)Кәсіпорын осы Жарғыда бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсатына сай емес қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқылы емес.
Кәсіпорынның орналасқан жері 070900, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Үлкен Нарын ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Ш.Тумашинов көшесі, 7/2- үй
Ұсынылатын техникалық шешімдердің жобалық сипаттамасын қоса алғанда, қызығушылық тудыратын ұсыныстар 2024 жылғы 08 шілдеге дейін қабылданады.
Толығырақ ақпаратты "Үлкен Нарын ауданы әкімінің аппараты" ММ-нен алуға болады, тел.: 8 (872341) 2-11-41, 2-95-75
