«Абай облысының Шаруашылық басқармасы» ЖШС құру» жоспарлы жобасы бойынша қызығушылық білдіру туралы сұраныс
«Абай облысы әкімі аппараты» ММ «Абай облысының Шаруашылық басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құруды жоспарлап және жобаны талқылауға, оған потенциалды серіктестерді тарта отырып аталған жобаны жүзеге асыруға альтернативті ұсыныстар мен нұсқалар туралы қызығушылық білдіру сұранысы жайлы хабардар етеді.
Жоспарлы жобаның атауы:
1. «Абай облысының Шаруашылық басқармасы» ЖШС құру
Жобаның негізгі бағыты болып келесілер табылады:
1. Құрылтайшының және оның құрылымдық бөлімшелерінің пайдасына тауарлар, жұмыстар және қызметтер ұсыну;
2. ҚР Орталық мемлекеттік аумақтық құрылымдары мен Абай облысының жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарына жұмыс жасауға барлық қолайлы жағдайды жасау;
«Абай облысының Шаруашылық жүргізу басқармасы» ЖШС-не Жарғыға сәйкес төмендегідей негізгі қызмет түрлерін бектітуді ұсынылады: «Экономикалық қызметтерді тиімді басқаруға көмек көрсету және оны реттеу»; «Коммерциялық қызметтер бойынша кеңес беру және басқару»; «Басқа топтарға кірмейтін басқада кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет түрлері».
Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін Серіктестік келесідей функцияларды атқарады:
- өз құрылтайшысына және оның құрылымдық бөлімшелерін уақытылы және үздіксіз барлық керекті жағдайды жасау, оның ішінде, коммуналдық қызметтермен, инвентарлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету;
- құрылтайшысы мен оның құрылымдық бөлімшелеріне қарасты объектілерді тиісті жағдайда ұстау, оның ішінде, жөндеу жұмыстарын жүргізу, көркейту, эксплуатациялау;
- құрылтайшысы мен оның құрылымдық бөлімшелеріне қарасты мүлік пен объектілердің кеңес берушілі және ұйымдастырушылық бойынша қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- құрылтайшысы мен оның құрылымдық бөлімшелерін материалдық-шаруашылық қамтамасыз ету іс-шаралары;
- әлеуметтік көрмелер мен жәрмеңкелерге, қоғамдық бұқаралық іс-шараларға тарта отырып азаматтардың әл-ауқатын көтеру, жұмыссыздықтың санын түсіруді қамтамасыз ету;
Объектінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Қайым Мұхаметханов көшесі, 8 үй.
Қызығушылық білдіру ұсынысына қоса жоспарланған техникалық шешімдердің жобалық сипаттамасы 2022 жылдың 12 желтоқсанына дейін қабылданады.
Толық ақпаратты Семей қаласы, Қайым Мұхаметханов көшесі, 8 үй мекенжайы бойынша «Абай облысы әкімінің Аппараты» ММ-нен алуға болады.
