Жарғылық капиталы мемлекеттің қатысуымен «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамын құру жобасы бойынша мүдделерін білдіру туралы сұрау салу

«Өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамын құруды жоспарлау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы ұсыныстарды қабылдау туралы хабарлайды.

МЖӘ объектісі: жарғылық капиталына Шығыс қазақстан облысы әкімдігінің қатысуымен «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамын құру.

Іске асыру орны: Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы

Көрсетілетін қызметтер нарығы: Өскемен қаласы, Риддер қаласы, Алтай ауданы, Глубокое ауданы, Зайсан ауданы, Катонқарағай ауданы, Күршім ауданы, Самар ауданы, Тарбағатай ауданы, Ұлан ауданы, Шемонаиха ауданы

Құрылатын объектінің қызмет түрлері:

1) кластерлік тәсіл негізінде бірыңғай экономикалық нарық құру;

2) инвестициялар мен инновацияларды тарту үшін қолайлы экономикалық орта қалыптастыру;

3) әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

4) мемлекеттік активтерді басқарудың тиімді жүйесін құру;

5) бизнес-жобаларды, оның ішінде концессия және кластерлік бастама негізінде іске асыру;

6) шағын және орта бизнесті дамыту үшін институционалдық жағдайлар жасау;

7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өндірістер құру;

8) инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру;

9) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру.

Құрылатын объектінің жарғылық капиталы (шамамен): 21 393 142 390 теңге

Жекеше әріптестің қатысу нысандары: жарғылық капиталға үлестік қатысу

Жоба бойынша ұсыныстар 2022 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде қабылданады

Байланыс деректері: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 36, байланыс телефоны 8 (7232) 70-44-44, электрондық мекенжайы info@spkertis.kz

01.07.2022
Другие новости