МЖӘ жобасы бойынша конкурсты өткізу туралы хабарландыру

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, «ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ «Б.Александров атындағы Спорт сарайын және оның жұмыс істеп тұрған спорт үйірмелерін, Тимирязев көшесі, 177 мекенжайындағы жабық хоккей модулін ұстау, қызмет көрсету және балалар-жасөспірімдер шайбалы хоккейін дамыту, сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының кәсіби хоккей командаларын дайындау, ұстау және олардың ресми спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсету» мемлекеттік жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобасы бойынша жеке әріптесті анықтау конкурсын өткізудің басталғандығын хабарлайды және әлеуетті жекеше әріптестерді конкурсқа қатысуға шақырады.

Жоба бойынша жеке әріптес МЖӘ шарты негізінде 3 жыл ішінде Б.Александров атындағы Спорт сарайын және оның жұмыс істеп тұрған спорт үйірмелерін, Тимирязев көшесі, 177 мекенжайындағы жабық хоккей модулін ұстау, қызмет көрсету және балалар-жасөспірімдер шайбалы хоккейін дамыту, сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының кәсіби хоккей командаларын дайындау, ұстау және олардың ресми спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуді қарастырады.

Қызмет саласы: спорт.

МЖӘ түрі: шартты МЖӘ.

Жобаның іске асырылу мерзімі: 2018-2021 жылдар.

МЖӘ объектісінің құны: 3603,2 млн.теңге.

Жеке әріптестің қызметі: Жеке әріптес мемлекеттік әріптеске Б.Александров атындағы Спорт сарайын және оның жұмыс істеп тұрған спорт үйірмелерін, Тимирязев көшесі, 177 мекенжайындағы жабық хоккей модулін ұстау, қызмет көрсету және балалар-жасөспірімдер шайбалы хоккейін дамыту, сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының кәсіби хоккей командаларын дайындау, ұстау және олардың ресми спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды (қызметтерді) көрсетеді.

Мемлекеттік қолдау шаралары: операциялық шығындар үшін өтемақы мен сапалы мінездеме үшін ақы төлеу шығындарынан тұратын тұратын қол жетімділігі үшін төлем.

Шығындарды өтеу және табыс табудың болжалды көздері: МЖӘ объектісін пайдалану барысында тауарларды, жұмыстар мен ұсыныстарды сату, сондай-ақ, қолжетімділікке ақы төлеу.

Конкурсқа қатысуға «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының 32-бабында және конкурстық құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті қатысушыларға рұқсат етіледі.

Конкурстық құжаттаманың көшірмесін сағат 9-00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.30-ға дейін Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі 59/1 мекенжайында орналасқан «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-нен алуға болады.

Конкурстық құжаттама тегін беріледі.

Конкурсқа қатысуға араналған конкурстық өтінімдер, сондай-ақ біліктілікті іріктеуге арналған, мөрленген конверттерге салынған құжаттар жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша әлеуетті қатысушыларға қолға беріледі.

Толық ақпаратты көрсетілген мекенжайда орналасқан «ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ алуға болады, байланыс тел: А.Р. Меирманова 8(7232) 702-283.

Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу 2018 жылғы 31 тамызда жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша жүзеге асырылатын болады.

Другие новости