«ШҚО Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «СемейГаз» МКК құру» жоспарланып отырған жобасы бойынша

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде жарғылық капиталында мемлекеттің 100% қатысу үлесі бар «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «СемейГаз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын (бұдан әрі-МКК) құруды жоспарлайды және жобаны талқылауға және осы жобаны іске асыру бойынша балама ұсыныстар мен нұсқаларды ұсынуға әлеуетті әріптестерді тарту үшін мүдделерді білдіруді сұрау туралы хабарлайды..

Жобаның негізгі бағыты топтық резервуарлық қондырғыларда (ГРҚ) сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге бақылау орнату, газ тарату желілері бойынша газ тәрізді отынды бөлу және жеткізу жөнінде кәсіпорын құру болып табылады.

МКК-ға қызметтің келесі түрлерін бекіту болжанып отыр:

өзінің материалдық-техникалық базасын, делдалдық, маркетингтік, өкілдік және агенттік қызметтерді құру;

сұйытылған газды беру және тарату;

сұйытылған газды көтерме және бөлшек саудамен өткізу;

қысыммен жұмыс істеп тұрған газ құбырларын, сондай-ақ қауіпсіздік автоматикасы мен апатқа қарсы қорғанысты бақылау жәнедабыл қаққыш жүйесі құрылғыларын монтаждау, пайдалану және жөндеу;

сатып алу және орнату (коммерциялық есеп құрылғыларын), бақылау-өлшеу құрылғылары мен автоматиканы, газды және газбен жабдықтау шығынын есептеу құрылғыларын пайдалану;

сыртқы және ішкі инженерлік желілерді және газбен жабдықтау имараттарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар;

апатты-диспетчерлік қызметінің қызметтерін көрсету;

үйішілік газ жабдығын және топтық резервуарлық құрылғыларды орнату және пайдалану;

газбен жабдықтау объектілерінің арнайы құрылыс және монтаждау жұмыстары.

Объектінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, индексі 071410, Семей қаласы, Тұрлыханов көшесі, 30.

Болжамды техникалық шешімдердің жобалық сипаттамасын қоса алғанда, мүдделілік жөніндегі ұсыныстар 2019 жылғы 28 қаңтарға дейінгі мерзімде қабылданады.

Толық ақпаратты «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ, Семей қаласы, Достоевский көшесі, 110, тел. 8 /7222/ 52–22-79, 52–32-68, e-mail: zh.shaimuratova@akimvko.gov.kz (Шаймуратова Жанат Замзамбековна, Заурбекова Светлана Владимировна).

«Шығыс Қазақстан облысы өңірлік мемлекеттік жеке әріптестік орталығы» АҚ, тел. 8 /7232/ 26-23-96, e-mail: ppp.vko.@gmail.com. (Сарсенгалиева Альмира Сарсенгалиевна)

Другие новости