Алтай ауданы әкімдігінің «Алтай қаласының жылу-су орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру жолымен құру туралы

«Алтай ауданы әкімінің аппараты» ММ Алтай ауданы әкімдігінің «Алтай қаласының жылу-су орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру жолымен құрады және әлеуетті әріптестерді жобаны талқылауға тарту және осы жобаны іске асыру бойынша балама ұсыныстар мен нұсқаларды ұсыну үшін мүдделерін білдіруді сұрау туралы хабарлайды.

Нарық субъектісі қызметінің түрлері болып табылады:

- жылумен жабдықтау (оның ішінде: жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және жеткізу), ЭҚНК 35302;

- сумен жабдықтау (оның ішінде: ауыз су мен технологиялық суды өндіру, тасымалдау, беру), ЭҚНК 36000;

- су бұру (оның ішінде: ағынды суларды қабылдау, тасымалдау, тазарту), ЭҚНК 37001.

Жобаның негізгі бағыты:

1. Кәсіпорын қызметінің мәні сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау саласындағы қызмет болып табылады.

2. Кәсіпорын қызметінің мақсаты елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету болып табылады.

3. Қойылған мақсатты іске асыру үшін кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

- жылумен жабдықтау (оның ішінде: жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және жеткізу),

- сумен жабдықтау (оның ішінде: ауыз су мен технологиялық суды өндіру, тасымалдау, беру),

- су бұру (оның ішінде: ағынды суларды қабылдау, тасымалдау, тазарту).

Кәсіпорынға Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін және оның қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

Нысанның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданы, Алтай қаласы, Пионерский тұйық көшесі, 18- ғимарат.

Ұсынылатын техникалық шешімдердің жобалық сипаттамасын қоса алғанда, қызығушылық тудыратын ұсыныстар 2024 жылғы 30 мамырға дейін қабылданады.

Толығырақ ақпаратты «Алтай ауданы әкімінің аппараты» ММ алуға болады, байланыс тел.: 8 (72335) 7-40-46, қосымша 204.

30.04.2024

Другие новости