Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының «Креативті индустрия және халық шығармашылығы орталығы» КМҚ кәсіпорны нысаны бойынша жоспарланып отырған мүдделерін білдіру туралы өтініш

«Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының «Креативті индустрия және халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құруды жоспарлап отыр және жобаны талқылау үшін әлеуетті серіктестерді тарту мен осы жобаны іске асырудың балама ұсыныстарын, нұсқаларын ұсыну үшін қызығушылық білдіруін хабарлайды.

Құрылатын нарық субъектілерінің қызмет түрлері:

90.01.2 Концерттік қызмет

82.30.0 Конференциялар мен сауда көрмелерін ұйымдастыру;

90.03.0 Көркем және әдеби шығармашылық

74.20.0 Фотография саласындағы қызмет

59.20.0 Дыбысты жазу және музыкалық шығармалар шығару саласындағы қызмет

90.02.0 Мәдени-ойын-сауық іс-шараларын өткізуге ықпал ететін қызмет

90.01.1 Театр қызметі

Жобаның негізгі бағыты:

1. Кәсіпорын қызметінің мәні мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

2. Кәсіпорынның мақсаты креативті индустрияны және халық шығармашылығын дамыту, музыкалық-эстетикалық тәрбие беру, көркемдігі жоғары шығармашылық бағдарламалар мен нөмірлер жасау үшін жағдайларды қамтамасыз ету, кәсіби, көркемдік ұжымдар мен жекелеген кәсіби орындаушылардың концерттерін ұйымдастыру, музыкалық-ағарту қызметін жүзеге асыру.

3. Осы мақсатқа жету үшін Кәсіпорын келесі іс-шараларды жүзеге асырады:

-кретивті индустрияның өнімдерін ілгерілету бойынша іс-шараларды өткізеді;

-кретивті индустрияның субъектілеріне қолдау көрсетеді;

-креативті индустрия мен халық шығармашылығын дамыту үшін әлеуметтік маңызы бар мәдени іс-шаралардың ұйымдастыруылуы мен өткізілуін жүзеге асырады;

-креативті индустрияны дамыту үшін жағдай жасауды қамтамасыз етеді.

- классикалық және дәстүрлі халық өнері мен шығармашылығын қолдау және дамыту;

-ұлттық өнер мен халық шығармашылығын қолдау және дамыту бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;

-мәдениет ұйымдарына іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуде әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

- мәдени-демалыс саласындағы инновациялық жобаларды, түрлі мәдени іс-шараларды, ұлттық мәдениеттерді сақтауға және дамытуға бағытталған бастамаларды қолдау;

- әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру (көрмелер, шоулар, конкурстар, фестивальдар, форумдар, конференциялар және т.б.).

Кәсіпорынға Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін және оның қызметінің мәні мен мақсаттарына сәйкес келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

Объектінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 63 ғимарат.

Ұсынылған техникалық шешімдердің жобалық сипаттамаларын қоса алғанда, қызығушылық тудыратын ұсыныстар 2024 жылдың 13 сәуіріне дейін қабылданады.

Толық ақпаратты «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінен алуға болады, тел.: 8 (7232) 401416, 701038

Другие новости