2024 жылдың 7 ақпанында Еуразиялық даму банкі "мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің трансшекаралық жобалары" тақырыбында вебинар өткізеді

Еуразиялық даму банкі мүше мемлекеттердің МЖӘ ұлттық орталықтарымен бірлесіп мемлекеттерге трансшекаралық инфрақұрылымды құруға жәрдемдесу мақсатында трансшекаралық МЖӘ-ні одан әрі ілгерілету бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл жұмыстың бағыттарының бірі трансшекаралық МЖӘ тақырыбын қамтитын вебинарлар өткізу жөніндегі ЕАБР бастамасы болып табылады. 2024 жылғы 7 ақпанда "Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің трансшекаралық жобалары" тақырыбында вебинар өтеді, ол мынадай аспектілерді ашады:

• Жобаны трансшекаралық мемлекеттік-жекешелік әріптестікке жинауға бола ма?

• Кім, не үшін және қай кезеңде жауап береді?

• Трансшекаралық МЖӘ жобасын қаржылық және заң тұрғысынан қалай құрылымдауға болады?

• Не дұрыс болмауы мүмкін және оған қалай дайындалу керек?

Сондай-ақ, вебинар барысында Еуразия мен әлемдегі трансшекаралық МЖӘ-нің табысты тәжірибесі қаралатын болады.

Осыған байланысты 2024 жылғы 25 қаңтарда "ШҚО МЖӘ өңірлік орталығы" АҚ-да орталық қызметкерлерінің осы вебинарға қатысуы мәселесі бойынша кеңес өткізілді.

25.01.2024
Другие новости