Білім саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына қатысты бастама туралы хабарлама

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі атынан «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 133-тармағына сәйкес осы хабарламамен «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі бойынша мектепке дейінгі балалар, техникалық және кәсіптік мекемесінің қызметін жүзеге асыру» жобасы бойынша тікелей келіссөздер тәсілімен жеке әріптесті таңдау жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына қатысты бастаманы көтеріп отырғандығын хабарлайды.
МЖӘ объектісі: Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан балабақша ғимараттары мен жер учаскелерін қамтитын мектепке дейінгі балалар мекемелері, техникалық және кәсіптік мекемелрі. МЖӘ жобасының негізгі техникалық-экономикалық параметрлерін және бюджеттен сұратылатын төлемдерді қамтитын қосымша ақпарат http://bilimvko.gov.kz/ сайтында орналастырылған.
Баламалы ұсыныстарды тапсырудың соңғы мерзімі – 2018 жылғы 15 маусым, сағат 13.00-ге дейін.
ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА
Әлеуетті жеке әріптестерге қойылатын талаптар:
- «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында көрсетілген жалпы біліктілік талаптарына сәйкес болу. Өзге әлеуетті жеке әріптестердің баламалы ұсыныстары ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.11.2015ж.№ 725 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларында көрсетілгендерден техникалық сипаттамалары бойынша тең дәрежеде немесе одан жоғары болуы тиіс.
Жобаны іске асыруға қызығушылық танытқан
жағдайда, тиісті құжаттарды ШҚО, Өскемен қ.
Қазақстан к, 59/1, №601 кабинет ұсыну қажет.
Телефон: 87232702-357.
