«Өскемен қаласының қалалық ипподромын кейіннен жаңғырта отырып сенімді басқаруға беру» жобасы бойынша МҮДДЕ БІЛДІРУ СҰРАНЫСЫ

«Шығыс Қазақстан обласының әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ тұлғасында, 070004 Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында орналасқан, МЖӘ жобасын жоспарлауға кәсіпкерлік субъектілерін тарту мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұйрығымен бекітілген. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру ережелерінің 12 тармағына сәйкес «Өскемен қаласының қалалық ипподромын кейіннен жаңғыртумен сенімділік басқаруға беру» жобасы бойынша жекешелік әріптес таңдау арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының (бұдан әрі-МЖӘ) басталғаны туралы хабарлайды.
Жобаны іске асыру аясында Өскемен қалалық ипподромын сенімгерлік басқаруға беру, аумақты абаттандыру, көрермендер орнын салу, велосипед және шаңғы жолын төсеу, көкпарға бөлек алаң жасау, иппотерапия бойынша мүмкіндігі шектеулі балалрға сауықтыру іс-шараларын өтізу және атқа мінуді үйрету жоспарлануда.
Іс-әрекет түрлері Ат және бұқаралық спорт түрлерін дамыту,бұқаралық-мәдени іс-шарлар өткізу.
Жоба мерзімі: 20 жылға дейін.
Жоба бойынша ұсыныстар 2017 жылғы 7 желтоқсанға дейін қабылданады.
Инвесторлардың МЖӘ жобасына қатысуға қызығушылың танытқан жағдайда,Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1 үй мекенжайында орналасқан «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, 410 кабинетіне, байланыс телефоны: 8(7232)-70-22-86 бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.
