«Өскемен қаласында фотобейнебелгілеу және бейнеталдау жүйесін құру және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының бастама алуы туралы хабарлама

Осы Хабарлама «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі–Заң) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыруқағидаларына сәйкес (бұдан әрі –Қағида) 2018 жылдың 08 ақпанында редакцияда дайындалды және жарияланды.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2018 жылдан бастап (егер тікелей келіссөздер жүргізу және МЖӘ Шарттарын жасасу бойынша 2018 жылы белгіленген тәртіпте ресімдер аяқталса) 5 жылдан аспайтын мерзімде

МЖӘ Нысанын құру кезеңі: МЖС Шарт жасалған күннен бастап 6 айдан аспайтын мерзімде

МЖӘ Нысанын пайдалану кезеңі:4 жыл 6 айдан аспайтын мерзімде;

Жобаны іске асыру орны: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы

Жеке әріптес:

1) МЖӘ Нысанын құруды өз қаражаты және жұмылдырылған қаражат есебінен қаржыландыруды;

2) МЖӘ Нысанын құруды;

3) Деректерді беру және серверлік қызмет көрсету каналын ұйымдастыруды қоса алғанда, МЖӘ Нысанын пайдалануды жүзеге асырады және жауапкершілікті артады.

МЖӘ Нысанын құруды аяқтағаннан кейін коммуналдық меншікке тапсырады,одан кейін белгіленген тәртіптеоны одан әрі пайдаланумен, Жеке әріптес МЖӘ Нысанына иелік ету және пайдалану құқығы беріледі.

Жеке әріптес МЖӘ құру кезінде бағдарламалық қамтамасыз етуді, ерекше құқықтарды немесе Жеке әріптеске тиесілі пайдалану құқықтарынқолданады; Жеке әріптес иелігіндегі БҚ құқықтардың көрсетілген көлемі Жобаны іске асырудың барлық аспектілеріне, оның ішінде мақсаттарға, міндеттерге, функционалға, іске асыру шарттарына, мерзімдерге сәйкес болуы қажет.

Жобаны іске асыруды аяқтағаннан кейін Жеке әріптес Мемлекеттік әріптеске (немесе Мемлекеттік әріптестерге) МЖӘ Нысанының қызмет етуіне қажетті бағдарламаны қамтамасыз етуге қайтарылмайтын, сөзсіз пайдалану құқықтарын ұсынуға міндетті.

Заңның 9-бабының 2-тармағына сәйкесшығындарды өтеудің келесідей көздері және Жеке әріптестен кірістер алу қарастырылады:

1) 1 970 000 000 (бір миллиард тоғыз жүз жетпіс миллион) теңгеден аспайтын көлемде инвестициялық шығындар өтемақысы(ИШӨ);

2) 4 115 000 000 (4 миллиард жүз он бес миллион) теңгеден аспайтын көлемде операциялық шығындар өтемақысы (ОШӨ);

3) мемлекеттік меншік қарамағындағы МЖӘНысанын басқаруды жүзеге асыруға 890 000 (сегіз жүз тоқсан миллион) теңгеден аспайтын көлемде сыйақы төлеу.

ИШӨ, ОШӨ, БС теңгеде төленеді.

ИШӨ, ОШӨ, БС көрсетілген шекті көлемдеріне салықтар, жинаулар, баж салығы, бюджетке түсетін өзге міндетті төлемдер, зейнетақы қорға аударымдар және медициналық міндетті сақтандыру қоры және өзге міндетті аударымдар кіреді.

Жеке әріптеске МЖӘ Шартының әрекет ету кезеңінде имараттарды, құрылымдарды өтеусіз қолдану құқығына және ЖМӘ Нысаны құрамындағы мүлікті пайдалануға (егер талап етілсе) беруді қоспағанда, мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылмайды.

МЖӘ Нысанының құрамы:

1) желілі телімдерде автокөлік қозғалысы мен жол жүру ережелерін бұзушылықтарды автоматты фотобейнебелгілеу және бейнеталдаудың аппараттық-бағдарламалық кешендері - 85 желілі телімдерде;

2) көше қиылыстарында автокөлік қозғалысы мен жол жүру ережелерін бұзушылықтарды автомоатты фотобейнебелгілеу және бейнеталдаудың аппараттық-бағдарламалық кешендері - 74 көше қиылысында;

3) аулаларда, адам көп жиналатын орындарда (мысалы: базарда, алаңдарда, саябақтарда, кішігірім гүл бақтарында, бекеттерде және т.с.с.) және Мемлекеттік әріптестік көрсеткен басқа да орындарда бейне бақылау камералары-1700 дана;

4) қолданыста бар 100-ден астам бейнекамераларды бірыңғай бейнеталдау бейнекамераларына біріктіру;

5) серверлік бөлменің құрал-жадбықтары: бейнебақылау; мониторинг жүйесі; электрқоректендіргіш, серверлік шкафтар; ҚКЖ; өрт сөндіру; фальшпол; кондиционирлеу; ББҚЖ; БҚ қоса алғанда деректер мен талдауды өңдеуге арналған серверлер; 1 ПТб бойынша 2 данадан кем емес деректерді сақтайтын серверлер; коммутациондық құрал-жабдықтар; маршрутизаторлар, басып енуді (IPS)алдын алу жүйесі;

6) бейнеқабырға- 1 дана;

7) метеодатчиктер( метеостанциялар) – 10 дана;

8) мобильді жұмыс орындары (қорғалған байланыс каналдары бойынша бейнекамераларға қол жеткізумен, принтерлері бар, «Жол-көлік оқиғаларын ескерту» қызметімен мобильді қосымшалары бар жол-патрульдік қызметтерге арналған планшеттер) – 100 дана.

Жоғарыда көрсетілген ЖҚЕ-нің бұзушылықтарына кіреді:

1) бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамай өту (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 599-бабының 1-бөлімі);

2) бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамай «тоқтап тұру сызықтарын» кесіп өту (ҚР ӘҚБК-нің 601-бабының 1-бөлімі);

3) автобус сызығынан өтуі (ҚР ӘҚБК-нің 601-бабының 1-бөлімі);

4)егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу (ҚР ӘҚБК-нің 596-бабының 3-бөлімі);

5) белгiленген жүру жылдамдығын арттыру (ҚР ӘҚБК-нің 592-бабының 1, 2, 3 бөлімдері).

МЖӘ Нысанын пайдалану шеңберінде ақпараттық айырбас, коммерциялық шифрлауды қолдана отырып, қорғалған желілер арқылы байланыс каналдарымен жүзеге асуы қажет.

Деректерді беру каналдарын және серверлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру шығыстары МЖӘ туралы заңнамаға және жасалған МЖӘ Шартына сәйкес МЖӘ Нысанын пайдалану шеңберінде барлық басқа да шығыстармен қатар Жеке әріптестің шығыстары болып табылады.

Жеке әріптестің кадрларында жергілікті күтіп ұстау – 100 (жүз) % кем емес.

Жобаны іске асыру шеңберінде Жеке әріптес сатып алатын тауарларда, жұмыстарда және қызметтерде жергілікті күтіп ұстау – 50 (елу) % кем емес.

Әлеуетті жеке әріптестерге қойылатын талаптар: «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңның 32-бабымен белгіленген жалпы біліктілік талаптарына сәйкес болуы.

Жоспарланған МЖӘ жобасының іске асырылуы қызығушылық танытқан, әлеуетті жеке әріптестер осы Хабарламада көрсетілген талаптарға, сондай-ақ жеке әріптесті анықтау бойынша тікелей келіссөздерге қатысуға берілген өтінімдерге сәйкес баламалы ұсыныстарды ұсынады:

1) әлеуетті жеке әріптестің атауы мен мекенжайын көрсетеді (заңды және нақты);

2) мемлекеттік тиістілігін (заңды тұлғалар үшін), азаматтығын (жеке тұлғалар үшін) көрсетеді;

3) заңды тұлғалардың басшыларының немесе иелерінің және әлеуетті жеке әріптестің атынан әрекет ететін тұлғалар туралы деректерді көрсетеді;

4) Қағидалардың 137-тармағына сәйкес әлеуетті жеке әріптеске тиесілі зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижесіне ерекше құқықтарды растайтын құжаттарды қоса береді;

5) жергілікті күтіп ұстау үлесін растайтын құжаттарды қоса береді;

6) осы Хабарламаға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестігі саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес жасалған бизнес-жоспар;

7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестігі саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес жасалған МЖӘ шартының жобасы.

Әлеуетті жеке әріптестердің баламалы ұсыныстарының сипаттамалары мен параметрлері Хабарламада көрсетілген сипаттамалары мен параметрлеріне тең немесе одан жоғары (Мемлекеттік әріптес үшін жақсару жағына қарай) болуы керек.

Жобаның іске асырылуы қызығушылық танытқан жағдайда тиісті құжаттарды қолма қол немесе тапсырысты пошта жөнелтілімі арқылы Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы,Қазақстан көшесі 59/1 үйде орналасқан Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының № 503 бөлмесіне тапсыру қажет, тел. +7 /7232/ 702-354.

Баламалы ұсыныстар осы Хабарлама жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

Другие новости